
Байғанин ауданының Ащыағар елді мекенінде өткел құрылысы аяқталды. Алдағы күндері көлік қозғалысына ашылатын көпір 1 700-ден астам тұрғыны бар үш ауылды байланыстырады.
Ақтөбе облысы әкімдігінің хабарлауынша, көпір «Қарауылкелді – Алтай батыр – Миялы – Оймауыт» облыстық автожолының 34-шақырымында салынған. Ол Оймауыт, Миялы және Баршақұм ауылдарының тұрғындары үшін тұрақты көлік қатынасын қайта қамтамасыз етеді. Соңғы үш жылда көктемгі су ескі өткелді үнемі шайып кетіп, ауыл тұрғындары аудан орталығына, ауруханалар мен мектептерге қатынай алмай қалған.
Әкімдікте жобаның 2024 жылы әзірленгенін, ал құрылыс жұмыстары 2026 жылы басталғанын нақтылады. Мердігер — «Lider Invest Group» ЖШС су өткізетін бөлігін және шкафты қабырғаларын бетондап, аралық арқалықтарын орнатқан. Жаңа көпірдің ұзындығы — 29 метр, ені — 12 метр. Көпірдегі көлік қозғалысы алдағы күндері ашылады.
В Атырау +12