Келер жылы Атырау-Индер жолының қалаға кіретін бөлігі (0-10 км) қалпына келтірілетіндігі туралы ақпаратты қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі растады. Қазіргі уақытта құны 4,5 млрд теңге болатын жоба тендерлік рәсімнен өтуде.
Жобада көлік жолын екі есеге - Астрахан трассасынан Талғайраңға дейінгі аралықты15 метрге дейін кеңейту қарастырылған. Мұнда, әлденеше рет хабарланғандай, ірі ықшамаудан құрылысы басталады. Трассадағы көлік қозғалысы 4 жолақты болады. Мамандардың тұжырымына сәйкес, қазіргі кезде жолдың осы учаскесі қатты бүлінген, асфальт төсемінің тозғаны, ісінуі байқалды, жол белгілері мен жол таңбалары жоқ. Сонымен қатар, жыл сайын мұнайлы астананың осы ауданында көлік құралдарының саны артып келеді, ал жолдың өткізу қабілеті төмен.
Сондай-ақ, жоба аясында осы учаскеге 15 автобус аялдамасы мен 8 көлік тұрағын салу қарастырылған. Жол санаты өзгермейді - бұл жалпықалалық маңызы бар үздіксіз қозғалыстағы магистралды көше болады. Қалпына келтіру мерзімі - 15 ай.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ