Атырау, 25 қараша 16:37
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Теңіз кенішінде 22 жұмысшы уланды

2 284 просмотра


16 қазанда кешкісін Жылыой ауданындағы Теңіз кенішінің «Болашақ» вахталық поселкесінде «Монтажспецстрой» АҚ-ның 22 жұмысшысы тамақтан улану белгілерімен орталық аудандық ауруханаға жатқызылды.

Жаппай улану орнына Атырау облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің мамандар бригадасы барды. Олардың айтуларынша, алдын ала қойылған диагноз – гастроэнтероколит. Науқастардың жағдайы жеңіл және орташа деп бағаланып отыр.

Фархат ӘБІЛОВ

СПРАВКА «АЖ»

Гастроэнтероколит —асқазанның, асқазан-ішек жолдарының тоқ ішек пен аш ішек бөліктерінің бір мезгілде қабыну ауруы. Өткір гастроэнтероколит әдетте ас токсикоинфекциясының, ішектен қан кететін тұмаумен, басқа да жұқпалы аурулардың (сүзек, туберкулез, сепсис және т.б.) нәтижесінде пайда болады. Өткір гастроэнтероколит кекірік, қыжылдау, төсасты аймағының ауырсыну және ауырлық белгілерімен білінеді. Кейде ауру тамақты құсудан, одан кейін іш өту, іштің кебуінен, ауырсынуынан басталады. Науқастың жағдайы инфекция сипаты мен ағзаның тойтарыс беруіне байланысты болады. Ауыр жағдайларда әлсіздік, қалжырау, сананың шатасуы, қызудың көтерілуі және жүрек-тамыр аурулары байқалады. Жеңіл жағдайларда гастроэнтероколит 5-7 күнде жазылады; ауыр жағдайларда, созылмалы сипатқа еніп, сырқат ұзақ уақытқа созылуы мүмкін.

17 қазан 2018, 10:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.