Атырау, 16 қазан 18:50
 дождьВ Атырау +23.9
$ 454.14
€ 509.23
₽ 5.41

Атырауда

Өнерде шекара жоқ Қоғам

Өнерде шекара жоқ

Атырауда «Сұлулық әлемді құтқарады» тақырыбымен халықаралық суретшілер симпозиумы өтіп, оған Қазақстан мен шетелдің 30-дан астам қыл қалам шеберлері жиналды. Олар Атырау мемлекеттік университетінде болған ғылыми конференцияға қатысып, «Ретро парк» саябағында АМУ-дің өнер факультетінде оқитын студенттер мен оқушыларға шеберлік сағаттарын өткізді. Сурет 9 қазан 2018, 10:14 5 005 рет қаралды
Көршінің жері көкорай Басқа жаңалықтар

Көршінің жері көкорай

Биылғы күннің ыстық, жауынның аз болуы өсімдік атаулының жаз ортасына жетпей-ақ күйіп кетуіне себеп болды. Бұл шаруаларға көп қиыншылық тудырды. «АЖ» тілшісі осы орайда аудандарда пішен дайындау, қыстақтардың қысқы дайындығы барысын зерделеді. 8 қазан 2018, 15:25 4 475 рет қаралды
Атырауда жолақыны электрондық жүйемен екі есе арзан төлеуге болады Басқа жаңалықтар

Атырауда жолақыны электрондық жүйемен екі есе арзан төлеуге болады

Атырауда қалалық қоғамдық көлік желісіне қосылған 20 жаңа автобустың таныстырылымы өтті. Барлығы да №14 маршрутта жүреді және  электрондық төлем жүйесімен қамтамасыз етілген. Сурет Бейнежазба 8 қазан 2018, 12:00 4 133 рет қаралды
Атырауға келген денсаулық сақтау министрі жүйені ауыстыру керектігін айтты Басқа жаңалықтар

Атырауға келген денсаулық сақтау министрі жүйені ауыстыру керектігін айтты

Атырауда ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан БІРТАНОВТЫҢ және батыстағы төрт облыстың медицина қызметкерлері мен шенеуніктерінің  қатысуымен «Медициналық көмектің сапасын және қолжетімділігін арттыру» атты екікүндік аймақаралық конференция өтті. Министрдің айтуынша, денсаулық сақтау жүйесі дамып жатыр, алайда проблемалар да жоқ емес. Олардың бастысы – біліктіліктің төмендігі және дәрігерлердің тапшылығы (дегенмен, ол кадрлар тапшылығын жасанды деп есептейді). Пациенттерге дөрекі қарым-қатынас жасауға байланысты көп шағымдар бар. «Біз мұның бәрін талдап, жүйелік шаралар алуға тиіспіз», - деп мәлімдеді Біртанов. 8 қазан 2018, 12:11 3 621 рет қаралды
Атырауда прокуратура медициналық анықтамалардың құнын екі есе төмендетті Басқа жаңалықтар

Атырауда прокуратура медициналық анықтамалардың құнын екі есе төмендетті

Атырау облыстық прокуратурасы тексеру жұмыстары кезінде мұнай астанасындағы емханалардың "086у” (жұмысқа қабылдау үшін) және “083у” (жүргізуші куәлігін алу үшін) нысандарындағы анықтамаларды беру қызметінің құнын шарықтатып жібергенін анықтады. Оған мамандардың еңбекақы шығындары мен басқа да шығындар негізсіз енгізілген. 7 қазан 2018, 12:25 2 424 рет қаралды
Қасқыр ату лицензиясына енді ақша алмайды Қоғам

Қасқыр ату лицензиясына енді ақша алмайды

Атырау облыстық табиғат қорғау прокуратурасы облыстық аңшылар мен балық аулаушылар қоғамы кеңесінің 09.06.2017 күнгі  қасқырлар мен қорқауларды аулауға арналған лицензия үшін тоқсан сайын 3 мың теңге және жылына 10 мың теңге төлемақы төлеуді белгілейтін шешімін жойды. 5 қазан 2018, 16:02 3 941 рет қаралды
Теңге жалғыз емес, рупий мен юань да әлсіреді Экономика

Теңге жалғыз емес, рупий мен юань да әлсіреді

Ұлттық банктің Атырау филиалы ұйымдастырған брифингте жаңадан тағайындалған директор Бақыт ҚОҒЫЛОВ күйреген қазақстандық үш банктің салымшыларына үміт беріп, ұлттық валютаның неліктен әлсіреп тұрғанын түсіндірді. Жалғыз «жұбаныш» - басқа көптеген елдерде де жағдай осындай екен. 5 қазан 2018, 15:58 4 400 рет қаралды
"Ұстазыма ғашық болғанмын" Басқа жаңалықтар

"Ұстазыма ғашық болғанмын"

Жылда қазан айында болатын Ұстаздар күні - алған білімі мен тәрбиесіне риза болатын бүкіл ұрпақтың мерекесі. Әрқайсымыздың жадымызда мектеп қабырғасындағы сәттер мен ұстаздарымыз туралы естеліктер сақталып қалған. Осы естеліктерімен «AЖ» оқырмандары да бөліскен еді. 5 қазан 2018, 14:58 4 997 рет қаралды
Атырауда «жедел жәрдем» көлігі мен кроссовер соғысып, фельдшер көз жұмды Басқа жаңалықтар

Атырауда «жедел жәрдем» көлігі мен кроссовер соғысып, фельдшер көз жұмды

Бүгін, 4 қазанда Атырауда Құрманғазы мен Әлиев көшелерінің қиылысында Ford кроссовері мен «жедел жәрдем» көлігі соқтығысты. ЖКО нәтижесінде сол жерде «жедел жәрдемнің» 30 жастағы фельдшері көз жұмды. Бейнежазба 4 қазан 2018, 16:11 5 855 рет қаралды
Қозғалатын орындық және Керей ханның көлеңкесі Мәдениет

Қозғалатын орындық және Керей ханның көлеңкесі

Атырау мектептерінің біріндегі оқушылар қойған спектакльдің бейнежазбасын тамашалап отырып, жартылай мөлдір үлкен экранның ар жағындағы нәрсені кенеттен атып тұрып, жүгіріп кеткенше орындық екен деп ойладым. Бірақ «орындық» - денелері иілімді және ансамбльде жұмыс істей алатын бұл мектептегі көлеңкелер театрының жас актерлері сомдайтын бір бейне ғана емес. Міне, мынау танк, комбайн, мұнай тербелмесі, ал мынау Астанадағы көрнекті сәулет құрылымдары. 4 қазан 2018, 00:00 4 577 рет қаралды
Спорт жаңалықтары Спорт

Спорт жаңалықтары

Дене тәрбиесін дамыту орталығының қолдауымен Жайық жағалауында 2003-06 жылғы оқушылар арасында Ұстаздар күніне арналған «Күзгі кросс» өтті. «Жемчужина» профилакториясынан басталған сайысты жас желаяқтар «Атырау» ДСК-дегі мәреде аяқтады. 4 қазан 2018, 00:00 3 025 рет қаралды
2019 жылы Қашаған бір-екі айға тоқтайды Басқа жаңалықтар

2019 жылы Қашаған бір-екі айға тоқтайды

Астанада 1-3 қазан аралығында өткен Дүниежүзілік мұнай кеңесі (ДМК) аясында ДМК президенті Тор ФАЙЕРАН, ҚР Энергетика министрі Қанат БОЗЫМБАЕВ, ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Тимур ТОҚТАБАЕВ және KAZENERGY Қауымдастығы төрағасының орынбасары Ұзақбай ҚАРАБАЛИННІҢ қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. 3 қазан 2018, 19:23 3 240 рет қаралды
«ҚМГ БӨ» АҚ акциялары: сатқан жөн бе? Басқа жаңалықтар

«ҚМГ БӨ» АҚ акциялары: сатқан жөн бе?

«АЖ»-ға «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ-ның артықшылық берілген акцияларының иегерлері - бірнеше Атырау тұрғыны хабарласты. Олар компанияның өз акцияларын сатып алу туралы ұсыныстарынан бас тартып отыр. Мұның алдында «ҚазМұнайГаз» Ұлттық бас компаниясының өндіруші және мұнайсервис компанияларын тікелей басқаруға көшетіндігі туралы хабарлама жария болған еді. Тиісінше, жақын арада ҚМГ БӨ қызметі дербес шаруашылық субъектісі ретінде тоқтатылады. 3 қазан 2018, 16:31 3 590 рет қаралды
Махаббат, қызық мол жылдар... Басқа жаңалықтар

Махаббат, қызық мол жылдар...

Жуырда ұлттық арна арқылы көпшілікке жол тартқан «Жаным менің» телехикаясы көрерменнің көзайымына айналып, әлеуметтік желілерде кең талқылауға ие болды. Сериалға өткен ғасырдың 80-жылдарындағы ҚазГУ-дің журналистика факультеті студенттерінің түрлі оқиғаларға толы студенттік кездері, махаббатқа толы жастық шақтары, шынайы өмірі негіз болған. Прототиптерінің бірі - фильмде әндері орындалған, жерлесіміз, бард ақын Табылды ДОСЫМОВ. Жақында Атырауға фильм сценариінің авторы Арман СҚАБЫЛҰЛЫ келіп, «АЖ» тілшісі әңгімелесті.  Сурет Бейнежазба 3 қазан 2018, 11:30 12 869 рет қаралды
Сатушы құтылып, тасымалдаушы тұтылады Басқа жаңалықтар

Сатушы құтылып, тасымалдаушы тұтылады

Атырау облысында мұнай өнімінің заңсыз айналымынан мемлекетке құны 52 млн теңге залал келді. Бұл туралы облыс прокуратурасында өткен үйлестіру кеңесінде айтылды. 2017 жылы Атырау облысында 42,3 млн тонна мұнай өндірілді, бұл республикадағы өндірілген барлық «қара алтынның» 49,2%-ы. Алайда, байлықтың барлығы бірдей ел қазынасына түспейтін сияқты.   3 қазан 2018, 10:46 2 930 рет қаралды
Астрахан жолы: түріктер бар, келесі кім? Басқа жаңалықтар

Астрахан жолы: түріктер бар, келесі кім?

Еуропалық қайта құру және даму банкінің сайтында Қазақстандағы автокөлік жолдарын басқаратын «ҚазАвтоЖол» ұлттық операторы Атырау-Астрахан трассасының 217 шақырымын қалпына келтіруге 260 млн доллар көлемінде несие алу үшін банкке  жүгінгені туралы құлақтандыру ілінген. Естеріңізге салсақ, қазақстандық 277 шақырымының 60 шақырымы республикалық бюджет қаржысына тендер бойынша түріктің «Sine Medas Stroy» компаниясына берілген болатын. 3 қазан 2018, 10:38 2 302 рет қаралды
Екі тазалаушы бір ауылға сыймайды Басқа жаңалықтар

Екі тазалаушы бір ауылға сыймайды

Аудан орталығы Индербор кентінде тазалықпен екі бірдей мекеме айналысса да, уақытында алынбаған қоқыстардан көшелер шашылып жатыр. Жергілікті биліктегілер кезінде мәселені шешеміз деп уәде бергенімен, өзгерген ештеңе жоқ: ауыл орталығында үйілген қоқыстар мен оны жеген сиырлар. Жақында бір зеңгі баба тұқымы осы «тәттіден» жеп, өліп қалыпты.   Сурет Бейнежазба 2 қазан 2018, 13:57 3 191 рет қаралды
Атырау прокуратурасы салық қызметкерлерін қатаңдық көрсетпегені үшін жазалады Оқиға

Атырау прокуратурасы салық қызметкерлерін қатаңдық көрсетпегені үшін жазалады

Атырау облыстық прокуратурасы салық берешегін өндіріп алу толықтығына қатысты өңірлік мемлекеттік кірістер органдарына тексеру жүргізді. Құқық бұзушылықтар көп анықталды. Атап айтқанда, борышкерлердің банктік шоттарындағы шығын операцияларының уақтылы тоқтатылмағаны, сондай-ақ, олардың мүлікке иелік етудегі құқықтары әрдайым шектелмегендігі анықталды. 2 қазан 2018, 11:39 2 836 рет қаралды