Атырау, 25 сәуір 14:44
 ашықВ Атырау +21
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Спорт жаңалықтары

2 439 просмотра

ТУРНИР

Атырауда Каспий өңірі мемлекеттерінің 4-ші Студенттік ойындары өтті. Футболдан, волейболдан, баскетболдан, шахматтан, жеңіл атлетикадан, каратеден, жүзуден, бокстан, дзюдо мен үстел теннисінен өткен сайысқа 700-ден астам студент қатысты.

Нәтижесінде алқалар саны бойынша бірінші орынды сайыс иелерінің командасы – Х.Досмұхамедұлы атындағы АМУ, екінші орынды Дағыстан мемлекеттік университеті, үшінші орынды – Астрахан технологиялық университеті (66) алды.


ЖҮГІРУ


Дене тәрбиесін дамыту орталығының қолдауымен Жайық жағалауында 2003-06 жылғы оқушылар арасында Ұстаздар күніне арналған «Күзгі кросс» өтті. «Жемчужина» профилакториясынан басталған сайысты жас желаяқтар «Атырау» ДСК-дегі мәреде аяқтады.

Жүлделі орындар былайша бөлінді. 2005-06 жылғы: жасөспірімдер (тиісінше, 1-шіден бастап 3-орынға дейін) – Ізбасар Асқаров, Жарасхан Ермағанбетов, Баубек Исаш; қыздар - Анель Жұмабаева, Дана Абдирова, Кәмшат Қыдырқожа.

2003-04 жылғы: жасөспірімдер - Нұрлан Мағзом, Жанаш Бабыржан, Ерік Беріков; қыздар - Айзат Сапиоллаева, Аяулым Жұмағұлова, Әсем Заленова. Шыңғысхан Күлмесханов, Нұрбек Сатханов, Жаннұр Қисмет, Любовь Маркелова, Айкөркем Амангелдиева, Сергей және Алексей Павелкиндер, Нұрай Жұмабаева, Інжу Серікқали мен Ақбота Шаумен арнайы сыйлықтармен марапатталды.


КҮРЕС

Қызылорда облысының Жаңақорған қаласында жасөспірімдер арасында белдесіп күресуден ҚР чемпионаты өтті. Атыраулық спортшылар үштігі толық алқа жиынтығын жеңіп алды: Жұмабек Жолдасқалиев - алтын, Құттыбай Нұрсат - күміс, Диас Мақсотов қола алқа иеленді.

Жұмабек желтоқсан айында Ресейдің Нижнекамск қаласында өтетін әлем чемпионатында еліміздің намысын қорғау құқығына ие болды. Спортшыларды бапкерлер У.Мұсағалиев пен А.Қалиев дайындады.


ДОЙБЫ

Павлодарда 100 шаршылық дойбыдан жастар мен юниорлар арасында ел чемпионаты өтті.

Атырау құрамасының қоржынына екі алқа салынды. Екеуі де Азия чемпионатының жүлдегері, 12 жасар ақсайлық оқушы Бекарыс Жұмалиевтің еншісінде. Құрдастары арасында «классика» санатында «қола», 20 жасқа дейінгі қатысушылар арасында «рапид» санатында алтын алқаны ұтып алды. Вундеркиндті бапкер Берік Молдаш жаттықтырады.


ДЗЮДО

Таразда КСРО спорт шебері Б.Ташметовті еске алуға арналған 2001-2002 жылғы жастар арасында халықаралық турнир өтті.

Атыраулық спортшылар бұл жерде екі алқа иеленді: 81 келіге дейінгі салмақта Әділет Сапарғалиев күміс алқа, 44 келіге дейінгі салмақта Аяна Дүйсенбай қола алқа алды.


ММА

Астанада Astana MMA Open ашық турнирі өтті. 56,7 келі салмақта атыраулық Ақылбек Ғарифуллин мен астаналық Ильяс Мұстафиннің арасында өткен табанды жекпе жекте төрешілердің бөлек шешімімен Ақылбек жеңіске жетті.

61,2 келіге дейінгі салмақта теміртаулық палуан, ММА бойынша әлем чемпионатының қола жүлдегері Дінислам Жетпісов біздің спортшымыз Абылай Көргеновті «шынтақ тетігі» тәсілін қолданып, оны берілуге мәжбүр етті.

65,8 келіге дейінгі салмақта Қазақстан чемпионы атыраулық Олжас Молдағалиев пен қарағандылық Анатолий Золотых арасында өткен ақтық жекпе-жек қысқа болды: Олжас «гильотина» тұншықтыру тәсілін сәтті қолданды.

70,3 кг дейінгі салмақта атыраулық Джахар Шапхатов астаналық Ахат Кеңесбеков пен жезқазғандық Неймат Асадовқа жол беріп, жүлделі үшінші орынды иемденді.

Астана ММА Федерациясының президенті Мұрат Мәуленбеков Қазақстан чемпионаттары мен халықаралық жарыстардың жеңімпаздарынан құралған Атырау құрамасына сайысқа қатысқандары үшін алғыс білдірді:

- Олар жоғары деңгейдегі дайындықтарын көрсетіп, турнирдің тартысты өтуіне үлес қосты.


СТРИТБОЛ

Атыраулық спортшы Ерқанат Қайрошев 6 қазанда Буэнос-Айресте басталатын жасөпірімдердің Жазғы Олимпиада ойындарында стритболдан ел құрамасында өнер көрсетеді.

Стритбол – бұл «көше баскетболы», командалар қысқартылған құрамда ойнайды, олардың әрқайсысында 3 ойыншыдан болады. Мұнда Қайрошев - шабуылдаушы қорғаушы. Топтық кезеңде біздің спортшылар 10 қазанда Бельгия және Қырғызстан командаларымен, 14 қазанда - Италия және Франция командаларымен кездеседі.

Дайындаған Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

4 қазан 2018, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.