Атырау, 25 қараша 17:45
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Облыстық спорт басқармасында жаңа басшы

3 812 просмотра


8 қазанда Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының жаңа басшысы Ринат ИБРАГИМОВТІ таныстырды.

Ринат Хисаұлы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің дене шынықтыру және спорт факультетін бітірген. 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап - №1 облыстық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің дзюдо күресінен бапкер, 2013 жылдан бастап - самбо бапкері. 2016 жылы - «Барыс» балалар мен жасөспірімдер физикалық дайындық клубының директоры. 2017 жылдан бастап - Атырау қаласындағы спорттың су түрлері клубының директоры. Осы лауазымға дейін қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы қызметін атқарды.

Жаңа басшының еңбек жолы спорттағы үлкен жетістіктерімен ерекшеленеді. Оңтүстік Кореяда өткен 2008 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері. 2008 жылы Бейжіңдегі Олимпиада ойындарында және Лондондағы 2012 жылғы Олимпиада ойындарында Қазақстанның намысын қорғады. 2009 жылы Роттердамдағы әлем чемпионатына қатысты. Дзюдодан Әлем кубогының иегері.

- Сіздің спорттағы жетістіктеріңіз өңірдегі спорт көрсеткіштерін көтеруге мүмкіндік беретініне сенімдімін, - деді Нұрлан Ноғаев. - Облыста жыл сайын көптеген республикалық және халықаралық деңгейдегі спорттық іс-шаралар өткізіледі. Сіздің жинақтаған тәжірибеңіз, соның ішінде қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы лауазымындағы тәжірибеңіз өңірдегі спорт саласын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді. Елбасы ұлт саулығына, соның ішінде бұқаралық спорт түрлерімен айналысуға көп көңіл бөледі. Біздің міндетіміз - алға қойған мақсаттарға жету үшін өңірлік деңгейде барлық қажетті нәрсені жасау.

Спорт басқармасының жаңа басшысы облыс әкіміне сенім білдіргені үшін алғысын білдіріп, мақсаттады жүзеге асыру үшін бар күш-жігерін жұмсайтындығына сендірді.

Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

8 қазан 2018, 19:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.