Атырау облыстық прокуратурасы тексеру жұмыстары кезінде мұнай астанасындағы емханалардың "086у” (жұмысқа қабылдау үшін) және “083у” (жүргізуші куәлігін алу үшін) нысандарындағы анықтамаларды беру қызметінің құнын шарықтатып жібергенін анықтады. Оған мамандардың еңбекақы шығындары мен басқа да шығындар негізсіз енгізілген.
Прокурорлық әрекет ету актісінің қаралу нәтижелері бойынша, бұл анықтамалардың құны едәуір төмендеді: «086у» қазір 8 мыңдай теңге емес, 3 875 теңге, «083у» - 5 070 емес, 2 810 теңге тұрады.
Бұдан басқа, тексеру қорытындылары бойынша облыстық психикалық денсаулық орталығы беретін анықтамалардың құны төмендетілді: атап айтқанда, есепте тұрғандығы туралы мәліметтің жоқтығы туралы анықтама 1200-ден 1000 теңгеге дейін, көлік құралын басқаруға рұқсат анықтамасы 3500-ден 3 100-ге дейін.
Анастасия АЛЮШИНА