Атырау, 16 қазан 18:20
 дождьВ Атырау +23.9
$ 454.14
€ 509.23
₽ 5.41

ҚТЖ қызметкері 5 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді

60 рет қаралды

Бурабай аудандық соты «Курорт-Бурабай» станциясының ағымдағы жөндеу учаскесінің шеберіне қатысты үкім шығарды. Ол теміржол мүлкінің сақталуына жауапты болғанымен, өзі оның ұрлануын ұйымдастырған.

Сот анықтағандай, барлығы 14 доңғалақ жұбы ұрланған. Келтірілген жалпы шығын көлемі 16,3 млн теңгеден асты.

Кейіннен келтірілген залал толық өтелді.

Теміржолшы қызметтік жағдайын пайдалана отырып, ұрлық жасағаны және сеніп тапсырылған мүлікті иемденіп, ысырап еткені үшін кінәлі деп танылып, оған 5 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Сонымен қатар мемлекеттік айыптаушының өтінішхаты бойынша сот «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның «Астана пайдалану вагон депосы» филиалының атына жеке қаулы шығарды.

Кәсіпорынға құқық бұзушылықтың жасалуына ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою бойынша шаралар қабылдау тапсырылды.

Бүгін, 17:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.