Атырау, 16 қазан 18:20
 дождьВ Атырау +23.9
$ 454.14
€ 509.23
₽ 5.41

Тоқаев: Экологияны сақтау - болашақ ұрпақ алдындағы ортақ міндетіміз

57 рет қаралды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биоалуантүрлілікті сақтау жөніндегі көшбасшылардың COP17 саммитіне қатысты. Өз сөзінде Мемлекет басшысы халықаралық қауымдастықты экологиялық күн тәртібін геосаяси қайшылықтардан жоғары қойып, жаһандық қауіп-қатерлерге қарсы күш біріктіруге шақырды.

Сөзінің басында Президент БҰҰ-ның биоалуантүрлілік жөніндегі конференциясы қарсаңында ұйымдастырылған іс-шараны жоғары деңгейде өткізгені және жылы қабылдауы үшін Армения Премьер-министрі Никол Пашинянға алғыс білдірді.

Мемлекет басшысының сөзіндегі негізгі ойлар

Өркениеттің аман қалу мәселесі. Табиғатты сақтау — қоршаған ортаға қамқорлық жасаумен ғана шектелмейді. Бұл — адамдардың әл-ауқатын қамтамасыз етудің, экономикалардың тұрақтылығын сақтаудың және болашақ ұрпақтың ұзақ мерзімді қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі шарты. Салауатты экожүйелер азық-түлік өндіру мен су ресурстарын қорғауға мүмкіндік береді.

Су тапшылығы мен шөлейттену қаупі. Жердің тозуы мен су тапшылығы миллиондаған адам үшін қазірдің өзінде күрделі мәселеге айналды. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, бұл экологиялық дағдарыстар мемлекеттік шекараларға бағынбайды және тұрақты даму мен жаһандық тұрақтылыққа нұқсан келтіреді.

Экология саясаттан жоғары тұруы керек. Президент климаттық қауіп-қатерлер жағдайында әлем көшбасшылары өзара келіспеушіліктерді бір шетке ысыруы қажет екенін атап өтті. Нақты нәтижелерге қол жеткізу үшін шынайы әріптестікке, бейтараптыққа және практикалық міндеттерді шешуге негізделген прагматикалық тәсіл қажет.

Қасым-Жомарт Тоқаев болашақ ұрпақ алдындағы ортақ жауапкершілік халықаралық қауымдастықтың барлық елінен шұғыл әрі үйлесімді іс-қимыл жасауды талап ететінін баса айтты.

Бүгін, 17:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.