
Атырауда қоғамдық көлікке қатысты жол-көлік оқиғасы салдарынан үш адам зардап шекті.
Оқиға 19 қараша күні сағат 12:10 шамасында Атырау қаласындағы Азаттық даңғылында, «Торговая база» аялдамасы маңында жаяу жүргіншілер өткелінде орын алды. Қоғамдық автобус 7-сынып оқушысын қағып кетті. Куәгерлердің сөзінше, автобус - №64 бағыттағы маршрут.
Атырау облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, жол-көлік оқиғасынан оқушыдан бөлек Yutong маркалы қоғамдық автобусының екі жолаушысы зардап шеккен. Олар медициналық көмекке жүгінген.
Айнұр САПАРОВА
В Атырау +2.6