Атырау, 20 сәуір 17:49
 ашықВ Атырау +26
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Атырау прокуратурасы салық қызметкерлерін қатаңдық көрсетпегені үшін жазалады

2 347 просмотра


Атырау облыстық прокуратурасы салық берешегін өндіріп алу толықтығына қатысты өңірлік мемлекеттік кірістер органдарына тексеру жүргізді. Құқық бұзушылықтар көп анықталды. Атап айтқанда, борышкерлердің банктік шоттарындағы шығын операцияларының уақтылы тоқтатылмағаны, сондай-ақ, олардың мүлікке иелік етудегі құқықтары әрдайым шектелмегендігі анықталды.

Атырау облысы прокуратурасының баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, прокурорлық әрекет ету шараларымен жалпы 363 млн теңге сомасында салық берешегі өндірілді, оның ішінде 163 млн теңгесі - дебиторлық берешек және 200 млн-ы мүлік салығы. Лауазымды 3 тұлға тәртіптік жазаға тартылды.

Анастасия АЛЮШИНА

2 қазан 2018, 11:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.