"АЖ" мұрағатынан алынған сурет Еуропалық қайта құру және даму банкінің сайтында Қазақстандағы автокөлік жолдарын басқаратын «ҚазАвтоЖол» ұлттық операторы Атырау-Астрахан трассасының 217 шақырымын қалпына келтіруге 260 млн доллар көлемінде несие алу үшін банкке жүгінгені туралы құлақтандыру ілінген . Естеріңізге салсақ, қазақстандық 277 шақырымының 60 шақырымы республикалық бюджет қаржысына тендер бойынша түріктің «Sine Medas Stroy» компаниясына берілген болатын. ҚР Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Сәтжан АБЛАЛИЕВ «АЖ»-ға «ҚазАвтоЖол» еуропалық қарызды алуға әзірлікті бастағанын хабарлады.
- Қарыз ҚР Үкіметінің кепілдігімен алынады. Халықаралық тендер ЕҚДБ ережелері бойынша жүргізіледі, ал мердігерлер шетелден тартылатын болады, - деп мәлімдеді Аблалиев. - Егер бәрі жоспарға сәйкес жүрсе, жұмыстар келесі жылдың көктемінде басталады.
Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА
3 қазан 2018, 10:38
Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.
Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.