Атырау, 25 қараша 19:46
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Астрахан жолын түріктер салады

5 353 просмотра


Бұрын хабарлағанымыздай, Атырау-Астрахан тас жолының 290 шақырым қазақстандық учаскесінің 60 шақырымын қайта жаңғыртуға республикалық бюджеттен қаржы бөлінеді, жұмыстар шекарадан бері қарай басталады. Бұл туралы "Қазавтожол ҰК" АҚ-тың желіні дамыту департаментінің басшысы Ерлан ҚАЛЫМОВ нақтылап айтып берді.

Оның айтуынша, тендерлік рәсімдер бір апта бұрын аяқталған, мердігер ретінде Қазақстанда 15 жылдан артық жұмыс істеп келе жатқан түркиялық «SineMedasStroy» компаниясы таңдалды.

Біз бұл компаниямен көптен бірлесе жұмыс істеп келеміз, олар өз жұмыстарына үлкен жауапкершілікпен қарайтын, барлығын сапалы орындайтын ұйым.

Республикалық бюджеттен 18 миллиардқа жуық теңге бөлінді. Алайда компания алдымен өздеріне жұмысшы қалашығын салады, барлық қажетті құрылыс материалдарын жеткізеді және т.б. Яғни, жолды қалпына келтіру жұмыстары келесі жылы басталады. 

Қайта жаңғырылғаннан кейін жол қос жолақты ІІ техникалық санатқа жатқызылып, елді мекендердің тұсына тротуарлар салынып, жарықтандырылады. Бір өске рұқсат берілетін салмақ - 13 тонна. Ескі жол "жаман" топырақпен жасалғандықтан, бәрі күреліп, қайта салынады.

Жұмыстар 20 және 40 шақырымдық болып екі жобаға бөлінген, 20 шақырымдық учаскені салу мерзімі - 20 ай, ал 40 шақырымдық 26 айға созылады.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

11 қыркүйек 2018, 10:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.