Атырау, 16 қазан 17:43
 дождьВ Атырау +21.7
$ 454.14
€ 509.23
₽ 5.41

​ҰҚК, ФСБ және Өзбекстан арнаулы қызметтері Ауғанстаннан тасымалданатын есірткі арнасының жолын кесті

146 рет қаралды

Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ресей мен Өзбекстанның арнаулы қызметтерімен бірлесіп, Ауғанстаннан «Солтүстік бағыт» деп аталатын жол арқылы есірткі контрабандасын тасымалдау арнасының жолын кесті.

ҰҚК баспасөз қызметі хабарлағандай, бірлескен операция нәтижесінде Ресейдің Тюмень қаласында халықаралық есірткі тобының екі қатысушысы ұсталды.

Тінту кезінде олардан 30 килограмм ауған гашишы тәркіленді.

ҰҚК бағалауынша, бұл партияның қара нарықтағы құны шамамен 300 мың АҚШ долларын құрауы мүмкін.

Болған факті бойынша Ресейдің құзыретті органдары сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде.

ҰҚК халықаралық заңсыз есірткі айналымына қарсы іс-қимыл шаралары жалғасып жатқанын атап өтті.

Бүгін, 16:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.