Атырау, 22 қараша 03:51
 бұлттыВ Атырау +4
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

Қозғалатын орындық және Керей ханның көлеңкесі

4 097 просмотра


Атырау мектептерінің біріндегі оқушылар қойған спектакльдің бейнежазбасын тамашалап отырып, жартылай мөлдір үлкен экранның ар жағындағы нәрсені кенеттен атып тұрып, жүгіріп кеткенше орындық екен деп ойладым. Бірақ «орындық» - денелері иілімді және ансамбльде жұмыс істей алатын бұл мектептегі көлеңкелер театрының жас актерлері сомдайтын бір бейне ғана емес. Міне, мынау танк, комбайн, мұнай тербелмесі, ал мынау Астанадағы көрнекті сәулет құрылымдары.

Арман НЫҒМАНОВ жетекшілік ететін драма үйірмесіне түрлі сыныпта оқитын 15 оқушы қатысады. Олар көне Қытайдан бастау алатын визуалды өнердің өзгеше түріне әуес режиссерларымен бірге қозғалмайтын картиналарды ғана емес, спектакльдер кезінде қолданылатын көріністерді де сомдайды. Осындай алғашқы тәжірибелері - 4 жыл бұрын Астанадағы арт-фестивалінде сәтті шыққан Керей хан мен Жәнібек ханнан бастап, осы күнге дейінгі Қазақстан тарихы тақырыбына арналған 20 минуттық «Мәңгілік ел тарихы» қойылымы болатын.

Бүгінгі күні мектептегі көлеңкелер театрына қатысушыларда «Ер есімі, ел есінде», «Ромео и Джульетта», «Глобальная гражданственность и наша планета», «Образы великих казахских женщин» секілді көрермендер назарына ұсына алатын бірнеше дайын жұмыстар бар. Соңғы дайындаған жұмыстары - Әбіш Кекілбаевтың шығармасының желісі бойынша құрылған «Ақырғы аялдама» қойылымы. Олар бұл қойылыммен ағымдағы жылдың сәуір айында Ақтау қаласында өткен осы қазіргі заманғы қазақ әдебиеті классигінің республикалық оқуларында бірінші орынға ие болды және Ә.Кекілбаевтың 80 жылдығына орай өтетін халықаралық театр байқауына жолдама алды. Онда олар кәсіби театр труппаларының қатарында өнер көрсетеді.

Анастасия АЛЮШИНА

4 қазан 2018, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.