Атырау, 19 тамыз 18:40
 дождьВ Атырау +35.6
$ 460.13
€ 532.60
₽ 5.42

Бәс тіктіріп, бас бостандығы шектелді

1 874 рет қаралды


№2 Атырау соты заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырды деп айыпталған 25 жастағы қала тұрғынына үкім шығарды. Қылмыстық іс материалдарына сүйенсек, ол Нұрсая ықшамауданынан лицензия алмай және салық органдарына тіркелместен букмекерлік кеңсе ашқан.

- Сот отырысында сотталушы А. мен оның адвокаты кінәсін мойындау туралы мәміле түрінде іс жүргізу келісімін жасауға ниет білдірді, - деп хабарлады №2 соттың баспасөз қызметінде. А. ҚР ҚК-нің 307-бабы бойынша кінәлі деп танылып, 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасын алды.

Фархат ӘБІЛОВ

15 қазан 2018, 16:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.