16 қазанда Бас прокуратура мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлері Түркиядан Елдос Күншығаровты экстрадициялады. Бас прокуратура сайтының ақпараты бойынша, ол 2011 жылы Атырау қаласының аумағында террористік қылмыстарды жасағаны үшін күдікті.
"Күншығаров заңға қайшы әрекетінен кейін ізін жасырған еді. Осыған байланысты оған халықаралық іздеу жарияланды.
Қазақстанның қылмыстық қудалау органдарының түрік әріптестерімен өзара үйлесімді іс-қимылының нәтижесінде күдікті елге жеткізілді. Қазір Күншығаров Атырау қаласындағы тергеу изоляторына орналастырылды. Сот үкімі шығарылғанға дейін сонда болады",- деп жазылған хабарламада.
Естеріңізге салсақ, 2011 жылғы 31 қазанда облыстық әкімдік пен прокуратура ғиараты жанында қатарынан екі жарылыс болды. Жарылыс орнында жанкешті қаза болды. жарылыстар фактісі бойынша "Терроризм" бабымен (ҚР ҚК-тің 233-бабы 2 бөлімі) қылмыстық іс қозғалды.