Атырау, 25 қараша 16:54
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Заңсыз жолаушы тасушыларға айыппұл салынды

2 492 просмотра


Атырауда қалалық мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері жол полицейлерімен бірлесіп, салық органдарына тіркелмей жұмыс істеп жүрген таксишілерді анықтау бойынша рейд жүргізді. Үш күн ішінде 50-ден астам заңсыз жұмыс істеп жүрген таксишілер анықталды.

- Оларға қатысты ҚР ӘҚтК 463-бабы (Тиiстi тiркеусiз кәсіпкерлік қызметпен айналысу) бойынша әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттамалар толтырылды. Бұдан басқа, олардың 20-сына ӘҚтК-тің 571-бабы (Жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау қағидаларын бұзу) бойынша хаттама рәсімделді, - деп хабарлады Атырау қалалық МКБ тіркелмеген салық төлеушілерді анықтау бөліміндегілер. Заңсыз жүрген таксишілерге 36,075 теңге айыппұл салынады.

Фархат ӘБІЛОВ

Суретті түсірген автор

15 қазан 2018, 17:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.