Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандарылған ауданаралық сотында атышулы қылмыстық істің басты фигуранттары - «Ақтөбе мұнай өңдеу» ЖШС құрылтайшыларының бірі және менеджмент және логистика бойынша директоры Алмаз ҚОЖАҒАЛИЕВ пен «Inter Oil Export» ЖШС директорының орынбасары, Белорусь Республикасының азаматы Сергей КУНЦЕВИЧТЕН жауап алу басталды.
Оларға ҚР Қылмыстық Кодексінің 197-бабы 4 бөлімі 1,2 тармақтары бойынша, соның ішінде трансұлттық ұйымдасқан топ құрамында Қырғызстанға жалпы бағасы 1 миллиард 435 мың теңге болатын 13 мың тонна шикі мұнайды «Oil Blend» маркалы мұнай өнімдері қоспасы деп тасымалдаған деген айып тағып отыр.
Алайда, сотталушылар да, Алмаз Қожағалиевтің қорғаушысы Алпамыс ҚОЖАҒАЛИЕВ (ағасы) те тағылған айыптармен келіспейді.
- Ақтөбе облысының прокуратурасы ешқандай дәлелсіз және қылмыстық құрамы жоқ бола тұра інім Алмаз Қожағалиевке қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 197-бабы бойынша айып тағып, сотқа берді. Негізгі тағылған айыптар - «Oil Blend» маркалы мұнай қоспасын заңсыз өндіру және «Oil Blend» қоспасы деп шетелге шикі мұнай тасымалдау - мүлдем дәлелдеген жоқ. Мұны айыптаушы мен қорғаушы тараптардың куәгерлері де өз жауаптарында растап берді.
Ешбір нақты дәлелдері болмаса да, інімді 20 айдан аса мерзім қамауда ұстап отыр.
«Oil Blend» маркалы мұнай өнімдері Алмаз бен Сергей Кунцевичтің тұтқындалғанына дейін де, кейін де өндіріліп, шетелге шығып жатыр, алайда басқа субъектілерге қатысты қылмыстық іс қозғалған жоқ. Сараптама қорытындысы бойынша шетелге мұнай емес, «Oil Blend» маркалы мұнай қоспасының тасымалданып жатқанына барлығының көздері жетті. Алайда, бұл жалған айыптау тоқтатылар емес.
Алпамыс Қожағалиевтің айтуынша, алғашқыда орган өкілдері аталған қылмыстық істі «Төрт ағайындылар» ісімен байланыстырды. Алайда кейін тергеу олардың ешбір ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелеріне қатысы жоқ екендігін түсінді. Осы уақыт бойы олар тергеу изоляторында қамауда болды.
- Ал бір жылдан кейін оларды трансұлттық қылмыстық топ құрушылар деп айыптады. Сонда қалай, Алмаз бен Сергей тергеу изоляторында отырып, ТҰҚТ құрған бола ма?
Қабылданған мұнайдың, мұнай өнімдерінің өндірілуі мен айналымының, «Oil Blend» МҚ дайындау және тасымалдау заңдылығын дәлелдейтін құжаттарды ҰҚК қызметкерлері 2016 жылғы 7 желтоқсанда арнайы операция барысында тәркілеген. Алайда, неге екені белгісіз, сот мұнымен 2018 жылғы 24 шілдеге дейін айғақзат ретінде ұсынылған жоқ.
Демек, қылмыстық қудалау органдары ұзақ уақыт бойы заттай айғақты қолдарында әдейі ұстап отырғаны ма? – дейді қорғаушы. – Сонымен қатар, тергеу кезінде бұған дейін Алмазға тағылған «салық төлеуден жалтарды» деген айып та расталмады.
Тергеу іске жәбірленуші тарап ретінде ҚТЖ ҰК АҚ мен «Жолаушылар тасымалы» АҚ өкілдері тартты. Бірақ сотта куәгерлер де цистерналарда мұнай емес, «Oil Blend» МҚ болғандығын растады. Ең бастысы, барлық отырыстарда Сергей де, Алмаз да істің басты айғақзаты - 2016 жылғы 8 желтоқсанда Арыс станциясында ұсталған төрт цистернадағы тауар «Интер Ойл Экспорт» ЖШС-тің қатысуынсыз өте арзан бағаға сатылу арқылы жойылды. Сараптама қорытындысы да аталған цистерналарда мұнай емес, «Oil Blend» МҚ екенін көрсеткен болатын. Сондықтан соттың тағылып отырған айыптаулардың негізсіз екендігіне көзі жетіп, әділ шешім шығаратынына сенемін.
«ЕШҚАНДАЙ ТЕРГЕУСІЗ, ҚҰР БОСҚА ҚАМАП ТАСТАДЫ»
Сот отырысында бірінші сөз алған Сергей Кунцевич өзіне тағылған айыптардың ешқайсысын мойнына алмайтынын айтты.
- 2016 жылғы 10 желтоқсанда ҰҚК мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет ұлттық бюросы жүзбе-жүз кездесуге шақырды. Билет алып, Алматыдан Ақтөбеге ұшып келдім. Олар әуежайдан түскен бойда басыма қап кигізіп, автобусқа отырғызды. Осы кезде рацияның ар жағында «Қатаң түрде ұстадыңдар ма?» деген дауыс естілді және сол уақыттан бастап маған қысым көрсетілді. Мен тергеу изоляторында отырған 22 айдың ішінде сот қамауда отырғызу мерзімін 16 рет создырды және осы уақытта не үшін қамауға алынып, не үшін отырғанымды прокурор мен сот органдары түсінуге тырыспады. Осы 8 ай бойы мені «Төрт ағайындыларға» қатысы бар деп таныса да, ешқандай тергеу жүрген жоқ, құр босқа қамап отыр.
Сергей қылмыстық іске қатысы бар деп итермелегені үшін Алмастан кешірім сұрады, сондай-ақ, Жеңістің ...енді Алмаз еш кедергі келтіре алмайды деп хабарлағанын айтты. Сонымен қатар ол Алмазбен келісімге келу өте қиын болғанын, ол ең алдымен зауыттың мүддесін ойлайтынына түсіністікпен қарайтынын білдірді.
«АУЫР ГАЗОЙЛЬ МЕН БЕНЗИН ЕШҚАШАН МҰНАЙ БОЛМАЙДЫ»
Сөз кезегі келген Алмаз Қожағалиев сотқа айғақзаттармен танысуға мүмкіндік бергені үшін алғыс айтып, осыншама заңбұзушылықтар жіберген прокурормен келіспейтінін білдіріп, келесілерді айтты:
- Айғақзаттармен танысу барысында менен оларды не үшін жасырғанын және осы сот отырысын бұлармен таныстырмай тұрып, неге бастағылары келгенін түсіндім. Мен өзіме және осында отырған сотталушыларға тағылған айыптың ешқайсысын мойындамаймын.
Ол зауыттағы операциялар белгілі саясаткердің 60 жылдық мерейтойымен қатар келгенін айтып өтті.
Ол цистерналарда мұнай емес, «Oil Blend» МҚ болғанына соттың көзін жеткізу үшін, соттың рұқсатымен ортаға шығып, «Oil Blend» МҚ құрамын жіктеп, сызып көрсетті. Оның айтуынша, қорытынды былай: сараптамаға сәйкес, цистернада ауыр газойль мен бензин, яғни, үш компонент – еріткіш бензин, кеме отыны және мазут – қоспасы болған.
Осындай фракциялық құрамы бар мұнай жер бетінде мүлдем жоқ екеніне айыптаушы тараптың сарапшылары да келісіп отыр. Менің бастамаммен «Oil Blend» МҚ өндіру стандарты әзірленді және осының негізінде қоспа дайындылды. Дегенмен, «Oil Blend» МҚ өндіру идеясы бұрын да акционерлердің бірінде болғанын білдім, бұған бұрынғы бас технолог А.А. Мисюриннің электрондық почтасындағы материалдар айғақ бола алады, алайда ол сотта осы қоспаны өндіру стандартын әзірлеуге қатысқанын жоққа шығарып отыр.
- «Oil Blend» МҚ мұнайдан атмосфералық қуу арқылы шығаратын еріткіш бензин, кеме отыны және мазутты компаундтау арқылы дайындалады.
Біз нарықта тығырықтан шығудың жолын іздедік. Өкінішке орай, біздің зауыттың осындай қоспаны жасайтын мүмкіндігі жоқ болды. Ал, Қырғызстандағы қытайлық зауыт мұны оңай өңдей алатын еді.
«Oil Blend» МҚ құрамында күкірті бар мұнай өнімдерін утилизациялауға және мұнай базасы резервуарларында тиімсіз мұнай өнімдерін сақтамауға мүмкіндік мереді. Сонымен қатар, «Oil Blend» МҚ бөлінген дизельдік отынды өткізу арқылы экономияны қамтамасыз етеді. Дегенмен, қоспаның өз бағасы мұнай сатып алу, оны тасымалдау, өңдеу, сонымен қатар дайын мұнай өнімдерін сақтау, «Oil Blend» МҚ дайындау және өткізу кезінде транспорттау шығындарының бәрін жабады.
Тергеу күдіктілердің келісімшартық міндеттемелерін орындау бойынша іс-әрекеттерінің заңдылығын растайтын өте көп мөлшерде зерттеулер жүргізді.
Басты сот отырысы әлі жалғасып жатыр.
Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА
Фото және видеоны түсірген автор
Ақтөбе қаласы