Атырау, 25 қараша 17:40
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

36 көлік отқа оранды

2 551 просмотра

Атырау қалалық ТЖБ ұсынған сурет

Жыл басынан бері Атырауда 36 көлік өртену оқиғасы тіркелді: 28-і электр желісіндегі қысқа тұйықталу, 6-уы отын құбырының жарылуы және 2-уі өрт қою салдарынан орын алған.

- Жақында жүргізілген рейд барысында тоқтатылған 20 көліктің жартысында өрт сөндіргіштің жоқ екені анықталды, - дейді қалалық төтенше жағдайлар басқармасының инженері Эльмира ҒҰМАРОВА. – Ғажайып бейқамдық! Ал салонда жарамды өрт сөндіргіштің болуы көлік жиынтығының ажырамас бөлігі болып табылады.

Атырау ТЖБ көлік әуесқойларына көліктерді кірме жолдарға, аулаішілік өткелдерге қалдырмау туралы өтініш білдіреді, өйткені ондай көліктер өрт болған жағдайда арнайы техниканың кіруіне және жұмысына кедергі келтіреді.  

Фархат ӘБІЛОВ

Атырау қалалық ТЖБ ұсынған сурет

15 қазан 2018, 15:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.