Атырау, 25 қараша 17:38
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Жаңаша есептеу

2 436 просмотра

«Жер үшін төленетін салық қымбаттап кеткен, бұрын төлеген салығымыз қате есептелінген деп жатыр», «Бұрындары жер үшін аз ғана салық төлесек, қазір одан бірнеше есе төлеуіміз керек» - бұл редакцияға хабарласқан оқырмандарымыздың шағымдары. «АЖ» осы мәселеге жауапты екі мекеме – Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мен қалалық жер қатынастары бөліміне хат жолдады.

Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Жәнібек НҰРЖАНОВТЫҢ қолы қойылған жауапта былай делінген: «ҚР «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің 564 бабы 1 тармағына сәйкес уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға) алынған жер учаскелері бойынша төлемақы сомасы жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органмен жасалған уақытша өтеулі жер пайдалану шарттарының негiзiнде есептеледi. Жер салығы сомаларының өзгеруіне әкеп соғатын шарттардың талаптары, сондай-ақ, осы Кодексте белгiленген жер салығын есептеудің тәртiбi өзгерген жағдайларда уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға) алынған жер учаскелері бойынша төлемақы сомасының есеп-қисаптарын жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органдар қайта қарайды.

Мәлімет бойынша аталған мерзімде жер пайдаланушылардың жылдық төлемақылары толықтай бюджетке төленбегендігі анықталды. Осыған орай, уәкілетті орган ұсынған салық төлеушілердің дербес шоттарына мәліметте көрсетілген жылдық төлемақы сомалары туралы хабарлама таратылды.

Қала әкімінің орынбасары Нұрлан ТАУБАЕВТЫҢ жауабында қалыптасқан тәжірибе бойынша жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін берілген жер учаскесінің жалға алу төлем ақысын 10.12.2008 күнгі ҚР «Салық кодексінің» 382-бабына сәйкес, жер учаскесінің шаршы метрі үшін 0,20 теңге коэффициент жүргізілгені жазылған. «Ал қазір жаңа Салық кодексінің 381-бабының негізінде жеке тұрғын үй үшін берілген жер учаскесінің шаршы метрі үшін 8,20 теңге ставка коэффициенті есептелінеді».

Екі тарап та тұрғындар бұл өзгертулермен келіспесе, сот орындарына жүгінуге құқылары бар екенін де атап өтті. Дайындаған Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

9 қазан 2018, 15:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.