Маған Жайық жағасында Эд Ширанның дауысымен ән шырқаған жасөспірім туралы роликке сілтеме жіберген еді. Әрине, мен продюсер емеспін, бірақ менің ортамда бұлай ән айтпайды, ал жігіт ағылшын тілінде жақсы айтуды қайдан үйренген?
«Алты қол алысу» теориясынан (шын мәнісінде, екі қоңырау жеткілікті болды - бұл Атырау ғой) соң, Асылби ӘБІЛҚАЙЫРДЫҢ достарының студиясында диванда ол ән айтпаған кезде монтаждап, дыбыстайтын көңілді анимациялық роликтерді көріп отырмын.
Жас екеніне қарамастан (18 жаста) әлі күнге дейін баладай нәзік бітімді Асылби нағыз selfmade. Ол тек ән айтуды үйреніп қана қоймаған, ағылшын тілін біледі, нотадан сауаты бар, гитарада ойнайды. Бәрін өзі жасайды...
- 15 жаста ән айта бастадым. Әлі есімде, компьютерде отырып, әлденені ыңылдап айтқым келді. Әнді таңдап, трек қойып, ноутбуктағы микрофонға дауысымды жаздым. Өте нашар шықты. Сол кезде отырып: «Мен кіммін?» деп ойладым. Менің дауысымды жақсы дейтін, өзім де солай ойлайтынмын. Мектепте үнемі қоғамдық жұмыстарға белсенді қатыстым. Бірде, тіпті үйлену тойында да ән айттым, жұртшылық жақсы қабылдады. Бұл таңқаларлық емес - 11 жастағы баламын ғой. Ал мына жерде тыңдап, түпнұсқамен салыстырдым. Өзімше естігенім мен іс жүзіндегі дауысымның арасында ортақ ештеңе жоқтығына таң қалдым. Сол кездегі мақсат та келді: мен дауысым өзіме де, басқаларға да ұнайтындай ән айтқым келді.
- Өз дауысыңды сырттай танымай қалу көпшілікке тән нәрсе. Менікі емес екен, енді ешқашан ән айтпаймын деп көбі қолын сілтеуі мүмкін. Бірақ сен өзіңнің вокалдық қабілетіңнен көңілің қалмаған ғой?
- Иә, егер жұмыстансам, бірдеңе шығуы мүмкін екенін түсіндім. Жаттыға бастадым, күн сайын үйде ән айттым. Бірер айдан кейін өзіме гитара сатып алып, ойнауды үйрене бастадым.
- Ютубтан ба?
- Иә, сол жерден де. 3-4 ай ішінде азды-көпті меңгеріп алдым.
- Өз мақсатыңды жүзеге асыруда кемеңгер екенсің.
- Бәрі солай дейді, бірақ іс жүзінде үнемі айналысамын, бұл еңбекпен келетін жаттығу.
- Ағылшын тіліндегі әндерді айтқанды жөн көресің бе?
- Меніңше, қазақ тіліне қарағанда ағылшын тілінде эмоция көбірек.
Алғаш ұнатқан әнім ай туралы болатын, онда автордың онымен тілдесетіндігі айтылады, бұл жүрекжарды ән еді. Қазақ композицияларынан мұндай бейнелерді кездестірген жоқпын.
- Кімдер ұнайды?
- Эд Ширан – бұл менің пірім, Бруно Марс, Чарли Пут...
- Арманыңды шектеме дейді ғой – сен де продюсерді, жұртшылықтың қошеметіне бөленуді, келісімшарттарді қалайтын шығарсың...
- Ішкі түйсігімде осының бәрін қалайтын шығармын, бірақ әзірге келешегіме соншалықты көз жіберген жоқпын. Ойнағым келеді, жоғары дәрежедегі вокалға қол жеткізгім келеді - бәрі мені тыңдау үшін емес, адамдарға әндер арқылы не сезінетінімді көрсеткім келеді. Әндерді өзім шығарып, мәтіндерін жазғым келеді. Бірнеше әнім бар, бірақ әзірге оларды көрсетуге дайын емеспін.
- Қазір көптеген байқаулар, теледидарлық сайыстар көп, мұндай жобаларды баспалдақ ретінде пайдаланғың келмей ме?
- Маған осы нұсқаларды жиі ұсынады, бірақ мен олай қаламаймын.
- Оқушылар ағылшын тілін өздігімен қалай үйренгені жөн, тәжірибеңмен бөліссең.
- Мен ағылшын тілін 5-ші сыныпта үйрене бастадым, алғашқы жылдары курстарға қатыстым. Кейін үйден оқыдым. Рэппер Эминемнің тректерін үнемі тыңдап, ол сияқты сөйлеуді үйрендім, қатарынан оның әндерінің бүкіл мәтінін оқыдым. Бастапқыда қиын болды.
- Бұл тіл үйренудің ең қиын нұсқасы сияқты - американдық рэп сленгке, американизмге толы, оның үстіне, американдықтар диалектісі басқаша...
- Иә, олар бей-берекет сөйлейді, бастапқыда үнемі гуглдан іздейтінмін, қиын болды, содан соң барлығы жеңілдеді. Біраз уақыттан кейін, естігенде түсінетін болдым.
- Ал грамматикасын қалай оқыдың?
- Мектепте сияқты. Тіпті, ойламаппын оны, өзінен өзі қалыптасып кетті.
- Университетте оңай болған шығар? (Асылби тіл факультетінің 2 курс студенті — З.Б.)
- Иә, мен advanced С1 (еркін меңгеру) деңгейінде білемін, әзірге университетте оңай.
- Ән айтып бересің бе?
- Ок.
Зульфия БАЙНЕКЕЕВА
Бейнежазбаны түсірген автор
Асылбидің роликтерін оның инстаграммдағы @aseekmars.jr аккаунтынан тыңдауға болады