Атырау, 19 тамыз 01:55
 дождьВ Атырау +24.4
$ 460.13
€ 532.60
₽ 5.42

Атырауда

Қытай компаниясы Жайық сағасын тазартады Басқа жаңалықтар

Қытай компаниясы Жайық сағасын тазартады

Жайық-Каспий кеме қатынастары арнасында Қарабатандағы біріктірілген газ-химия кешені (БГХК) құрылысының мердігері - қытайлық CNCEC компаниясының тапсырысымен келесі жылдың мамыр айындағы су тасқыны кезінде арналардан БГХК құрылыс алаңына арналған ірі габаритті жүк баржалары өту үшін тереңдету жұмыстары жүргізілуде. Сурет 12 қараша 2019, 15:49 4 180 рет қаралды
Жолда жау қуғандай жүру жақсылық әкелмейді Басқа жаңалықтар

Жолда жау қуғандай жүру жақсылық әкелмейді

Жыл басынан бері Атырау облысында республикалық маңызы бар жолдарда 42 жол-көлік оқиғасы болып, нәтижесінде 24 адам қаза болды. Кісі өлімі «Атырау-Орал» трассасында көп болған. Сурет 12 қараша 2019, 12:09 4 507 рет қаралды
Атырауда Фариза шығармашылығына арналған эстафета басталды Қоғам

Атырауда Фариза шығармашылығына арналған эстафета басталды

Атырауда поэзия падишасы Фариза Оңғарсынованың туғанына 80 жыл толуына орай мектеп оқушылары арасында ақынның шығармаларын насихаттауға арналған акция басталды. Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары қолға алған бұл жобаға облыс орталығындағы мектептер де қатысуда.  12 қараша 2019, 13:23 4 142 рет қаралды
Қарсы бағыттағы ақсақал және жол жүру ережесін бұзғандар Басқа жаңалықтар

Қарсы бағыттағы ақсақал және жол жүру ережесін бұзғандар

Осы аптада әлеуметтік желілерде Атырауда жүргізушілердің жол жүру ережесін өрескел бұзғаны түсірілген бейнежазбалар тарады. Атап айтқанда, армяндық нөмірлі Toyota Camry көлігі Сәтпаев даңғылындағы жаяу жүргіншілер өткелінде адамдарды өткізбеді; дәл осындай ереже бұзушылықты Сұлтан Бейбарыс даңғылында Opel Vectra жүргізушісі де жасаған; үшінші жағдайда «Нива» көлігі Сәтпаев даңғылында қарсы бағытта жүрген. Бейнежазба 12 қараша 2019, 12:38 3 832 рет қаралды
Тұрғындар жер тапты, қалған жұмыс - әкімдікі Басқа жаңалықтар

Тұрғындар жер тапты, қалған жұмыс - әкімдікі

Құлсары қаласындағы "Екінші ауыл" ықшамауданында ойын алаңы  жоқтығынан балалар көлік жолдарына шығып ойнап жүр. Тұрғындар бұл туралы айтып, қала әкімдігіне талай кірген, бірақ нәтиже шықпаған. Сол кезде бұл мәселені шешуге өздері кірісті. Бейнежазба 12 қараша 2019, 10:05 3 670 рет қаралды
Дауың болса, биге бар Қоғам

Дауың болса, биге бар

Атырау облысында билер кеңесі жыл басынан бері  250-ге жуық отбасы мәселесін қараған. Олардың 16-сы ажыраспауға шешім қабылдаса, 168 жағдайда алимент, баланы қамқорлыққа алу дауларын бітімгершілік жолмен шешкен. Ал қалған материалдар сотқа жіберілген. Бұл туралы брифингте «Атырау облысының билер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ғаббас ХИСМЕТТУЛЛИН мәлімдеді. 11 қараша 2019, 22:24 4 152 рет қаралды
Әркімге өз діні Қоғам

Әркімге өз діні

Бүгінде Атырау облысы бойынша 31 ислам, 3 православ,  2 католик, 1 кришнаизм және 7 протестанттық бағыттағы діни бірлестіктер тіркелген. 40 ғибадат үйі  -  31 исламдық, 2 православтық, 2 католиктік және 5 протестанттық шіркеу - жұмыс істейді Сонымен қатар діни әдебиет немесе діни заттарды сататын арнайы 17 сауда нүктесі, қоғамдық орындарда 5 намазхана бар. Бұл туралы Дін істері басқармасының басшысы Қайрулла КӨШҚАЛИЕВ брифингте мәлімдеді.         11 қараша 2019, 21:22 4 415 рет қаралды
Мұрағаттағы құжаттар жинақ болып шықты Басқа жаңалықтар

Мұрағаттағы құжаттар жинақ болып шықты

Ғабдол Сланов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада «Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірі Атырау облысының мемлекеттік архиві құжаттарындағы » тарихи құжаттар жинағының тұсаукесері өтті. 11 қараша 2019, 17:40 3 091 рет қаралды
Воркаут қарттарға қол емес Басқа жаңалықтар

Воркаут қарттарға қол емес

Атырауда Жайық жағасында орналасқан 7 спорт алаңындағы жаттығу құрылғыларын бұзып жатыр. Олардың орнына жаңа воркаут алаңдары жасалмақ. Бұл осы алаңдарда үнемі жаттығу жасап жүрген егде жандардың ренішін туғызды. 11 қараша 2019, 15:39 3 201 рет қаралды
Бір қадам артқа... Басқа жаңалықтар

Бір қадам артқа...

10 қарашада футболдан Қазақстан Премьер-лигасы чемпионатының соңғы 33-турының матчтары өтті. «Атырау» командасы «Қайратпен» сырт алаңда ойнады. Бұдан бұрын  хабарлағанымыздай, бұл ойын біздің команданың тағдырын өзгерте алмайтын еді. Тур соңына дейін ол өз тарихында алғаш рет төменгі лигаға түсті. 11 қараша 2019, 14:04 2 912 рет қаралды
Атырау-Орал трассасы ақылы болмақ Басқа жаңалықтар

Атырау-Орал трассасы ақылы болмақ

2020 - 2021 жылдары Атырау - Орал және Атырау - Доссор - Бейнеу - Ақжігіт - Өзбекстан Республикасының шекарасы аралығындағы трассалар ақылы болады. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 11 қараша 2019, 10:09 4 244 рет қаралды
Сауда орындары баға көтермеуге сөз берді Басқа жаңалықтар

Сауда орындары баға көтермеуге сөз берді

Атырауда бүгінде 39 861 шағын және орта бизнес субъектілері тіркеліп, мұнда 98 661 адам қызмет етеді. Бұл туралы қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Руслан ДӘУЛЕТОВ брифингте айтты.  10 қараша 2019, 13:15 2 699 рет қаралды
АҚТҚ «ғасыр дерті» емес Басқа жаңалықтар

АҚТҚ «ғасыр дерті» емес

Жыл басынан бері Атырау облысында АҚТҚ індетін жұқтырған 26 адам анықталды. Ауру негізінен жыныстық қатынас арқылы жұқтырылған. Бұл туралы брифингте АҚТҚ/ЖҚТБ-нің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталықтың қызметкерлері хабарлады. Анықталғандар арасында егде жастағылар да бар. Олар ЖҚТБ орталығының пациенттері болмай тұрып ертеректе жұқтырған болуы мүмкін. Ал бұл шындықты жақын арада ағзаларын түрлі аурулар меңдей бастап, жан-жақты тексеруден өткен кезде ғана білген. 8 қараша 2019, 17:02 3 928 рет қаралды
Монополистер не туралы сыбырласты Басқа жаңалықтар

Монополистер не туралы сыбырласты

Жақында өткен монополистердің тұрғындармен кездесуі алдында алпауыт кәсіпорындар өкілдері өзара әңгімелесіп, жаңалықтарымен бөлісті. Керек жерде дәл уақытында болған «АЖ» тілшісі қызықты нәрселерді де «тыңдады». 8 қараша 2019, 15:50 3 418 рет қаралды
Исатайлық браконьер Атырауда ұсталды Оқиға

Исатайлық браконьер Атырауда ұсталды

3 қарашада кешке полиция қызметкерлері Атырау қаласындағы Баймұханова көшесінде 32 жастағы Исатай ауданы тұрғыны  жүргізген «Lada Granta» автокөлігін тоқтатты. Тексеру кезінде көлік ішінен жалпы салмағы 120 келіден астам бекіре тұқымдас балықтары табылды. Бейнежазба 8 қараша 2019, 15:03 4 189 рет қаралды
«Қызыл әтештің» ылаңы қайталанды ма? Басқа жаңалықтар

«Қызыл әтештің» ылаңы қайталанды ма?

6 қарашаға қараған түні Индер ауданы Көктоғай ауылында жеті үйдің мал қорасы мен қысқа дайындаған шөбі өртеніп кетті. Қоралар әр жерде орналасқандықтан тұрғындар біреулер әдейі от салған деп болжам жасайды. 8 қараша 2019, 13:38 4 433 рет қаралды
Нәубет жылдар ескерткіші Басқа жаңалықтар

Нәубет жылдар ескерткіші

6 қазанда Атыраудағы Ренесанс қонақ үйі алдындағы алаңда «Құмаршық дәні» ескерткіші ашылды. Композицияның Фариза ОҢҒАРСЫНОВА ескерткішінің  маңына орналасуы тегін емес: ақын нәубет жылдары ашаршылықтан аман қалуға себебін тигізген құмаршыққа ескерткіш қою туралы армандаған еді. Сурет 8 қараша 2019, 12:00 8 258 рет қаралды
Қаймақ ішінен телефон табылды Басқа жаңалықтар

Қаймақ ішінен телефон табылды

Атырау тергеу изоляторында (УГ-157/1) кезекті сәлемдемені тексеру барысында мекеме қызметкерлері қаймақ салынған шелектің түбіне мұқият жасырылған Nokia-107 ұялы телефоны мен қуаттау құралын тауып алды. Сурет 7 қараша 2019, 15:34 5 067 рет қаралды
Қараңғы көшедегі апат Басқа жаңалықтар

Қараңғы көшедегі апат

6 қарашада кешкі сағат жетілер шамасында қала маңындағы Жұмыскер ауылында Daewoo Nexia көлігінің 62 жастағы жүргізушісі 40 жастағы жаяу жүргінші әйелді қағып кетті. Жүргізуші апат болған жерден кетпеді. Жабық бас сүйек-жарақатын алған зардап шегуші облыстық ауруханаға жатқызылды. 7 қараша 2019, 13:00 3 471 рет қаралды
Перинаталды орталық дәрігерлерін райларынан қайтару жұмыстары жалғасуда Басқа жаңалықтар

Перинаталды орталық дәрігерлерін райларынан қайтару жұмыстары жалғасуда

«Сенім» денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің кәсіподағы өз еріктерімен жұмыстан кету туралы арыз жазған облыстық перинаталды орталық дәрігерлердің көпшілігі жұмыс орындарында қалады деп үміттенеді. 7 қараша 2019, 12:42 3 217 рет қаралды