Атырау, 15 наурыз 07:12
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 491.29
€ 562.92
₽ 6.10

Атырауда

Дүйсембаевтан басқа да чемпиондар бар Басқа жаңалықтар

Дүйсембаевтан басқа да чемпиондар бар

Атырау облыстық Полиция департаментінің балық қорына қылмыстық қол сұғушылыққа қарсы күрес бөлімінің (су полициясына)  базасында «Ашық есік күні» өтті. Күш құрылымдарының қызметкерлері болашақ заңгер – студенттерге өздерінің қару-жарақ пен қорғаныс құралдарын, қоян-қолтық күресудің күрделі әдістерін және тағы басқаларды көрсетті. Сурет 17 наурыз 2019, 15:57 3 417 рет қаралды
Атырау әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды Басқа жаңалықтар

Атырау әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

15 наурызда Атырау қаласы әкімінің жаңа орынбасары болып, бұрын Атырау облыстық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы бастығының орынбасары қызметін атқарған Ұлықбек ТІНӘЛИЕВ тағайындалды.  16 наурыз 2019, 12:20 3 171 рет қаралды
Бюджеттен қаражат бөлінді Басқа жаңалықтар

Бюджеттен қаражат бөлінді

15 наурызда Атырау облыстық мәслихатының XXIX сессиясы өтті. 2019 жылға арналған бюджет туралы экономика басқармасының басшысы Айдар НҰРАЛИЕВ баяндама жасады. Бюджет 346 млрд теңге көлемінде жоспарланған. Шынында, орталыққа алымсыз шығындар бөлігі және бюджеттік несиелерді өтеу 172,3 млрд теңге болады. 16 наурыз 2019, 12:04 3 343 рет қаралды
Таңғы төбелес Оқиға

Таңғы төбелес

«АЖ»-ға белгілі болғандай, 10 наурызда таңертеңгі сағат 8-де Атырауда «Sky Bar» клубының жанында он шақты ер адам жаппай төбелесіп қалды. Куәгерлердің айтуынша, төбелес клубта басталып, кейін көшеге шығып жалғастырған. Полиция шақырылып, бұзақыларды қалалық ішкі істер бөліміне алып кетеді. Бағына қарай, ешкім ауыр зақым алған жоқ. 16 наурыз 2019, 11:24 2 695 рет қаралды
Даукес шетелдіктер заңсыз жұмыс істеген Басқа жаңалықтар

Даукес шетелдіктер заңсыз жұмыс істеген

«Консолидейтед Контрактинг Инжиниринг и Прокьюрмент С.А.Л.-Офшор» компаниясының атыраулық филиалының қауіпсіздік қызметінің менеджері В.Михаил мен оның орынбасары Р.Рауф атына «дұрыс жұмыс жасауға мүмкіндік бермейтіндігі» туралы ұжымдық шағым түсіп, еңбек инспекторлары кәсіпорынды тексеруге барды. Тексеру нәтижесінде арызданушы екеудің бастапқыда шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат құжатында көрсетілген позициясында жұмыс істемейтіндігі анықталды. 15 наурыз 2019, 14:33 1 960 рет қаралды
Атырау Көрісуді атап өтті Басқа жаңалықтар

Атырау Көрісуді атап өтті

Көктем мерекесі 12-13 наурызда өткен айтыспен басталды.  Ақындар батыста тойланатын осы ерекше көрісу мейрамын жырға қосып, жалпыхалықтық мереке ретінде тойлау керек деп ұсыныс жасады. Жайық өзеніндегі балықтың жаппай қырылуы да айтылмай қалмады. КСРО халық әртісі Асанәлі ӘШІМОВ бастаған әділ қазылар бас жүлде мен 2 миллион теңгені қарағандылық Дидар ҚАМИЕВҚА табыс етті. Сурет Бейнежазба 19 наурыз 2019, 11:10 4 151 рет қаралды
ҰҚК капитаны және жеңгетай Басқа жаңалықтар

ҰҚК капитаны және жеңгетай

Атырау қалалық №2 соты Атырау облыстық ҰҚК департаментінің экс-капитаны, 29 жастағы Т-ға үкім шығарды. Сот тергеуі барысында еліміздің ең мықты құқық қорғау органының кіші уәкіл лауазымындағы қызметкерінің адамды пара беруге азғырып, алаяқтық қылмыстық іс-әрекеттер жасағаны анықталды. 15 наурыз 2019, 10:52 3 434 рет қаралды
Әліппе қайта оралады, бағдарлама өзгере ме? Қоғам

Әліппе қайта оралады, бағдарлама өзгере ме?

ҚР Білім және ғылым министрі ауысқан сайын елімізде білім бағдарламасының да ауысатыны үйреншікті жағдайға айналды. Жаңа ҚР Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова келесі оқу жылында әліппе қайта оралады деп қуантты. Соңғы жылдары бастауыш сыныпқа дайындалған арнайы оқу бағдарламасы жөнінде бірқатар наз түсіп жатқандығы анық. Бұрынғы кеңестік оқу бағдарламасын аңсайтындар  да бар. Біз соңғы жылдары қолданыста болған бағдарламаларды салыстырып көрдік.  14 наурыз 2019, 18:25 3 255 рет қаралды
Технодом сізбен көрісуге барады Басқа жаңалықтар

Технодом сізбен көрісуге барады

«Технодом» компаниясы Атырау қаласы тұрғындарын Көрісу мерекесімен құттықтай отырып, әр атыраулықтардың отбасына жылу мен мейірім жеткізуге асығады. Біз сіздерге тиімді сауда жасауға жәрдемдесіп, әр үйге қажетті нәрселерді сыйға тартамыз! PR Бейнежазба 13 наурыз 2019, 15:43 2 649 рет қаралды
Тоқсанды да, оқу жылын да қадағала Басқа жаңалықтар

Тоқсанды да, оқу жылын да қадағала

- Қазір қағаз күнделіктер жойылды, баланың бүкіл бағасын логин мен құпия сөзді енгізіп, Kundelik.kz сайтынан бақылауға болады. Бірақ кейбір мұғалімдер электронды күнделікке бағаларды, әсіресе, СОР мен СОЧ-ты кешіктіріп қояды. Сондықтан тоқсан аяқталғанда тоқсан бағасын жақсартуға кеш болады. Сұрақ: мұғалім бағаны сол күні қоюы тиіс пе әлде кешіктіруге бола ма? 15 наурыз 2019, 09:43 3 362 рет қаралды
Көшпендінің ұрпақтары Басқа жаңалықтар

Көшпендінің ұрпақтары

Атырау облыстық статистика департаментінің мәліметтері бойынша, 2018 жылы өңірімізге тұрақты тұруға келген ішкі қазақстандық мигранттар саны 20442 адам, кетушілер саны – 20828 адам болды. Этникалық құрамы: қазақтар – 19982 адам келген, 20192 кеткен; орыстар: келушілер - 287, кетушілер - 433; өзбектер: келушілер - 35, кетушілер - 34; қарақалпақтар: келушілер - 45, кетушілер - 17; корейлер: келушілер - 46, кетушілер - 85; татарлар: келушілер - 21, кетушілер - 39; немістер: келушілер - 8, кетушілер - 7. 14 наурыз 2019, 15:59 1 985 рет қаралды
Тыныштандыруға келген өкілдер Басқа жаңалықтар

Тыныштандыруға келген өкілдер

13 наурызда Атырауға Астанадан жоғары лауазымды шенеуніктер делегациясы: Энергетика вице-министрі Сәбит НҰРЛЫБАЙ, Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы Жандарбек БЕКШИН, ҚР ЭМ Экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасының орынбасары Зұлфыхар ЖОЛДАСОВ, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының міндетін атқарушы Нариман ЖҮНІСОВ және ҚР ІІМ Тергеу департаменті бастығының орынбасары Қайрат НҰРМАҒАМБЕТОВ келді. Сапар мақсаты - халықты былтырғы желтоқсан айындағы балықтардың қырылу себептерін тергеу нәтижелерімен таныстыру. Сурет 13 наурыз 2019, 19:56 3 787 рет қаралды
Сот хроникасы Басқа жаңалықтар

Сот хроникасы

Атырау облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты бөтелкелесін пышақпен жарақаттаған жергілікті тұрғынға қатысты үкім шығарды. 21 маусымда үш жігіт ішімдік ішіп отырған кезде Р.А. бөтелкелесі Т.М.-ны жұдырықпен ұрып жібереді. Ол үйінен асүй пышағын алып келіп, әлгі жігіттің мойнына пышақ салады. 13 наурыз 2019, 16:40 2 122 рет қаралды
Қарапайым мектеп туралы бір ауыз сөз Басқа жаңалықтар

Қарапайым мектеп туралы бір ауыз сөз

Қарапайым орта мектеп педагогтары Назарбаев Зияткерлік мектебі ұстаздарын артықшылыққа ие бөлек каста деп есептейтінін білесіз бе? Бірдей бағдарлама оқытылатындығына қарамастан мұғалімдерге жасалған жағдай әртүрлі. «АЖ» тілшісі екеуіндегі айырмашылық қандай екенін анықтаған еді. 13 наурыз 2019, 15:49 5 686 рет қаралды
Алты жыл тез өтеді Басқа жаңалықтар

Алты жыл тез өтеді

2021 жылғы 1 қаңтарда Қазақстанның ДСҰ-ға мүшелікке өту кезеңі аяқталады. Осы күннен кейін отандық компаниялар міндетті жергілікті қамту үлесі түріндегі түрлі заңнамалық қолдаусыз инвесторлармен тең жағдайда бәсекелесе алуы тиіс. Мұнайгаз секторында қызмет ұсынатын көптеген қазақстандық бизнесмендер алаңдаулы, көпшілігі қатаң бәсекелестікке төтеп бере алатындарына сенімді емес. Жақында Атырауда өткен мұнайгаз форумында «NADLoC жергілікті мазмұнды дамыту жөніндегі ұлттық агенттік» қызметкері Руслан ИБРАГИМОВ оларды жігерлендіруге тырысқан еді. 13 наурыз 2019, 14:21 2 170 рет қаралды
Атырауда  көрісу мерекесі қалай өтеді? Басқа жаңалықтар

Атырауда көрісу мерекесі қалай өтеді?

Мерекелік іс-шаралар легі 12 наурызда Балықшыдағы халық шығармашылығы орталығында «Ұлы даланың ұлағаты» атты халықаралық ақындар айтысымен басталды. Екі күнге жоспарланған сөз додасына еліміздің әр өңірінен және Моңғолия, Қытай елінен 20 ақын жиналды. Бейнежазба 13 наурыз 2019, 13:40 3 009 рет қаралды
«Мен батыр емеспін. Жай ғана өмір сүргім келеді» Басқа жаңалықтар

«Мен батыр емеспін. Жай ғана өмір сүргім келеді»

Өмірге құштар, қуақы, бауырмал... 36 жастағы Гүлназ ҚОСМЫРЗИЕВА мүгедек арбасына таңылса да, өмірдің ауыр тауқыметіне сынбады. Әлеуметтік желілердегі парақшасын көрген соң, оның қандай белсенді жан екенін ұғынып, танысуға бел байладым. Бейнежазба 13 наурыз 2019, 11:56 5 113 рет қаралды
Қырсық валидатор Басқа жаңалықтар

Қырсық валидатор

Жексенбіде Шалқыма аялдамасынан №12 автобусқа отырып, жолақыны карточка арқылы валидаторға төледім. Енді шамамен сағат жарым уақыттан кейін кері жолға шығып, аялдамада тұрсам, жаңағы мінген автобусым келе қалды. Кондукторға карточка берсем, "валидатор арқылы күніне бір рет қана жолақы төлеп жүруге мүмкіндігіңіз бар, түсіп қалып, басқа маршрутқа отырыңыз" дейді. Мен келесіге отыруым үшін кемінде 15 минут күтуім керек. Бұл қандай жүйе? 13 наурыз 2019, 10:36 2 143 рет қаралды
Жапырақжегі конкурсты күтпейді Басқа жаңалықтар

Жапырақжегі конкурсты күтпейді

Атырау облыстық Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы Атырау қаласын көгалдандыру бойынша конкурс жариялады. Күткеніміздей, кеш жария етті. Естеріңізге салсақ, биыл мұнай астанасын көгалдандыру жұмыстары бойынша тендердің орнына МЖӘ (мемлекеттік-жеке әріптестік) шеңберінде ұйымдастыру жоспарланып отыр. 7 наурызда билік көгалдандыру маусымы нағыз қызған шақ - 5 сәуірде жабылатын конкурсты жариялады. 13 наурыз 2019, 09:52 2 100 рет қаралды
Атырауға министрлер келді Басқа жаңалықтар

Атырауға министрлер келді

Бүгін, 12 наурызда «Әлеуметтік қамқорлық» бағдарламасы аясында Атырауға үкіметтік делегация: ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара ӘБДІҚАЛЫҚОВА, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек САПАРБАЕВ, Білім министрі Күләш ШӘМШИДЕНОВА, Денсаулық сақтау министрі Елжан БІРТАНОВ келді. Құрманғазы атындағы мәдениет сарайының лық толы залында олар шағын баяндамалар жасап, жиналғандардың сұрақтарына жауап берді. Сурет 12 наурыз 2019, 21:21 4 745 рет қаралды
Мұнайлы өлке тұрғындарының мұңы Басқа жаңалықтар

Мұнайлы өлке тұрғындарының мұңы

Былтыр қыркүйекте Мақат ауданы Доссор кентінің орталығындағы екі қабатты 4 пәтерлік үй өртеніп кетті. Арада алты ай өтсе де, өрттің шығу себебі анықталмаған. Ал тұрғындарының бірі ағайындарының үйінде жүрсе, бірі әр жерде үй жалдап тұрып жатыр.  Бейнежазба 12 наурыз 2019, 16:01 3 392 рет қаралды