Атырау, 25 сәуір 22:42
 ашықВ Атырау +17
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Ломбард директоры түрмеде отырып ақша алғысы келген

Сурет
5 603 просмотра


Атырау тергеу изоляторының (УГ-157/1) сәлем-саухат қабылдау бөлмесінде «ломбард» ісі бойынша қамауға алынған 24 жасар тергелушіге үйінен әкелінген шалбардың артқы қалтасынан 45500 теңге табылып тәркіленді.

25 жастағы жергілікті тұрғын ақшаны заңсыз жолмен өткізгісі келген. Оған ҚР ӘҚтК 481-бабы (Қылмыстық-атқару жүйесiнің мекемелерiнде, арнаулы мекемелерде ұсталатын адамдарға тыйым салынған заттар, бұйымдар мен нәрселер беру) бойынша хаттама толтырылып, әкімшілік сотқа жолданды, - дейді УГ-157/1 күзет бөлімінің бастығы Дәулет РАХМЕТОВ.

«АЖ» ақпараты бойынша, бұл ақша ҚР ҚК 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іске қатысты тергеуде отырған «HOME AVTO INVEST» ЖШС ломбардының директорына берілмек болған екен.

Фархат ӘБІЛОВ

Суретті Атырау облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі ұсынды

10 наурыз 2020, 15:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.