Атырау, 25 маусым 04:09
 дождьВ Атырау +25
$ 487.02
€ 552.23
₽ 6.51

Атырауда халықаралық әуе рейстері қысқарады

3 656 рет қаралды


Коронавирус пандемиясына байланысты Атыраудан ұшатын халықаралық рейстер саны азаяды. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (ИИДМ) хабарлады.

- 16 наурыздан бастап Атырау - Франкфурт және Атырау – Амстердам бағыттары бойынша рейстер саны (аптасына төрт рет ұшатын рейс енді бір рет ұшады) қысқартылады, - деп хабарлайды ИИДМ.

Қалған екі халықаралық рейс – «Атырау-Мәскеу» және «Атырау-Стамбул» бағыттары бұрынғы кестеге сәйкес жұмыстарын жалғастырады.

Естеріңізге салсақ, коронавирус қаупіне байланысты Қазақстандағы мектеп оқушылары каникулға ертерек шығады, кинотеатрлар жабылып, алдын алу шаралары енгізіледі.

Фархат ӘБІЛОВ

12 наурыз 2020, 16:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.