Атырау, 23 қараша 02:33
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Атыраудағы айырбастау орындары доллар мен еуро сатуды тоқтатты

4 234 просмотра


Бүгін, 10 наурызда таңертеңнен бастап Атыраудағы ақша айырбастау пункттері шетел валютасын сатуды тоқтатты. Бұған Brent маркалы мұнай бағасының құлдырауына орай доллар мен еуро бағамының күрт көтерілуі себеп болды. «АЖ» тілшісі ақша айырбастау пункттерін аралап көрді.

Темір жол вокзалы ғимаратындағы ақша айырбастау қосынында доллар сатуды тоқтатқан.

- Доллар бар, бірақ қаншадан сататынымызды білмейміз. Бір айналып келіңіз, бағасы да шығып қалар,- деді сатушысы. Менің көзімше біреуге қоңырау соғып еді, нақты жауап ала алмады.

Қалған ақша айырбастау пункттерінде де осындай жағдай.

- Доллар мен еуроны сатпаймыз, бірақ рубль бар, - деді қала орталығында орналасқан айырбастау пунктінің кассирі.

- Бірақ есік алдындағы маңдайшада доллар бағасы – 398 теңге деген жазу тұр ғой.

- Ол кешегі жазу. Бүгін доллар жоқ. Сатып алатын жер де жоқ, - деді кассир.

Соңғы KASE мәліметтеріне сәйкес, 10 наурызда доллардың орташа бағамы 393,50 теңге болды. 6 наурыздан бастап ол 11 сатыға өсті.

Фархат ӘБІЛОВ

Суретті түсірген автор

10 наурыз 2020, 13:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.