Атырау, 23 қараша 02:21
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Атырау тұрғыны ереже бұзғандарды анықтауға көмектесті

3 774 просмотра


2018 жылдан бастап Атырау тұрғыны Полиция департаментінің әлеуметтік желілердегі ресми парақшасына Жол қозғалысы ережесінің бұзылуына қатысты 1480 сурет пен бейнежазбаларды жолдаған. Белсенді азамат көбіне көліктің тұраққа дұрыс қойылмауымен күреседі. Полициядағылардың растауынша, ол жолдаған барлық шағым бойынша әкімшілік шара қолданылған.

- Айта кету керек, биыл қалалық полиция басқармасының WhatsApp чаты іске қосылды. Кез-келген азамат ол жерге Жол қозғалысы ережесінің бұзылуына қатысты суреттерді немесе бейнежазбаны жолдай алады. Ал полицейлер әкімшілік хаттама толтыру үшін ереже бұзушыны іздеумен айналысады, - деп хабарлайды Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Арнайы планшетке тіркелгеннен кейін жол полицейлері хаттаманы мобильді принтерге басып шығарып, көшірмесін ереже бұзушыға береді.

- Биылғы жыл басынан бері азаматтардың шағымдары бойынша 2 мыңнан астам электронды хаттама толтырылды. Онда барлық қажетті мәліметтер, соның ішінде айыппұлды төлеу мерзімі, ақша аудару үшін банк реквизиттері көрсетіледі.

Фархат ӘБІЛОВ

11 наурыз 2020, 16:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.