Атырау, 23 қараша 02:55
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қарабатанда науқастанған итальяндық туралы ақпараттың жалған екені айтылды

3 423 просмотра


Facebook әлеуметтік желісіндегі экспаттар қоғамдастығының бірінде Қарабатандағы вахтадан үйіне оралған Италия азаматынан коронавирус анықталғаны хабарланған.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистер бұл ақпараттың қаншалықты рас екенін сұрады.

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов қазіргі уақытта Қазақстан азаматтарынан да, осы жердегі шетелдіктерден де коронавирустың анықталмағанын айтты.

- Күн сайын тест жасалады, қазіргі уақытта мұндай (оң - Н.Х.) нәтижелер жоқ. Ресми ақпаратқа сеніңіздер. Жалған ақпаратты таратудың жауапкершілігі бар екенін ұмытпаңыздар. Жеке бастың ғана емес, ақпараттық гигиенаны да сақтау керек, - деді министр.

Дайындаған Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

12 наурыз 2020, 22:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.