Атырау облысы әкімінің орынбасары болып Бақытгүл ХАМЕНОВА тағайындалды.
Ол 1981 жылы Атырауда дүниеге келді. 2001 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде оқып, «қазақ тілі және әдебиеті» пәнінің мұғалімі мамандығын алған. Оған қоса Әл-Фараби атындағы ҚМУ «филолог», Атырау мұнай және газ иснтитутының «мұнай және газ инженері» мамандықтары бойынша аспирантура дипломы бар. Сонымен қатар ол М. Өтемісов атындағы БҚМУ экономика және бизнес бакалавры.
1999-2001 жылдары – Атырау облыстық телерадиокомпаниясында диктор.
2001-2004 – Атырау мұнай және газ институтының орыс тобында қазақ тілі пәнінің оқытушысы.
2001-2003 – Х.Досмұхамедов атындағы АМУ жанындағы Элитарлық мектепте директордың тәрбие жөніндегі орынбасары.
2003-2004 – «Рахат ТВ» телеарнасының тілшісі.
2005 жылдан 2016 жылдың наурызына дейін – Атырау қаласы Каспий өңірінің қазіргі заманғы колледжі директоры.
2016 жылдың наурызынан бастап осы күнге дейін «Нұр Отан» партиясынан сайланған ҚР Парламент Мәжілісінің VI шақырылымының депутаты болды. Мәжілісте Астана қаласының атын Нұр-Сұлтан деп өзгертуге алғашқылардың бірі болып пікір білдірді.
Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА