Атырау, 27 сәуір 10:13
 ашықВ Атырау +27
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Барымташылықты кәсіп еткендер ұсталды

4 326 просмотра



Атырау облысында барымташылықты кәсіпке айналдырғандар ұсталып, қамаққа алынды. Олар өз әрекеттерін жекелей жүріп те, топтасып та іске асырып отырған.   

Индер ауданында бірнеше мал ұрлығымен айналысқан топ құрықталды. Ұрылардың екеуі Индер ауданының, ал біреуі Атырау қаласының тұрғыны. Олар 2018-2019 жылдар аралығында далалықта жайылып жүрген 3 жылқы, екі сиыр, және үш қойды ұрлап кеткен. 

Облыстық ПД баспасөз қызметі хабарлағандай, қазір ҚР ҚК 188 бабы 1,2 бөлімдерімен  қылмыстық іс көтеріліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүруде.

Ал Қызылқоға ауданында «Айнаш» алқабында өрісте жайылып жүрген  1 бас түйені ұрлаған 42 жастағы тұрғын және Құрманғазы  ауданы Нұржау, Жамбыл округтері тұрғындарының малын ұрлауды «кәсіп еткен» 37 жастағы Хиуаз ауылының тұрғыны қолға түсті.  

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

11 наурыз 2020, 15:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.