Статистика департаментінің мәліметтері бойынша, 2020 жылдың қаңтар-ақпан айларында Атырау облысында тұрғын үй құрылысына 4,6 млрд теңге инвестиция бөлінді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 65 пайызға төмен. Барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдар және тұрғындар жалпы ауданы 116 мың шаршы метр 1040 жаңа пәтер пайдалануға берді, бұл 2019 жылғы қаңтар-ақпаннан 28,9 пайызға аз.
Тек екі ауданда тұрғын үй құрылысы қарқынды жүргенін байқауға болады: Құрманғазы ауданында – 2,3 есе, Мақатта – 22,6 пайызға өскен. Ал Атырау қаласында – 33,5 пайызға, Қызылқоға ауданында – 42,3 пайызға, Исатайда – 36,5 пайызға, Индерде – 16,3 пайызға, Жылыойда -9 және Махамбет ауданында 5,3 пайызға төмендегені байқалды.
Көппәтерлі тұрғын үйлердегі жалпы ауданының 1 шаршы метрінің орташа құны 120 мың теңгені құрады, ал жеке тұрғын үйдің шаршы метрі 49,7 мың теңге болды.
Дайындаған Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ