
Бүгін, 15 қазанда Атырау қаласындағы Элеваторная (Құттығай батыр) көшесіндегі нысандар мен бірқатар өндіріс орнында алты сағат бойы ауызсу болмайды.
«Атырау облысы Су Арнасы» КГП мәліметінше, бұл уақытша шектеу Элеваторная көшесі бойындағы («Бипэк Авто» ауданы) диаметрі 600 мм су құбырында апаттық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге байланысты енгізіліп отыр. Су сағат 14:00-ден 20:00-ге дейін тоқтатылады.
Сусыз қалатын мекенжайлар мен нысандар тізімі:
Элеваторная (Құттығай батыр) көшесі бойындағы барлық нысан;
Элеватор аумағындағы нысандар мен Элеватор өндірістік аймағы;
«ТТС» ЖШС (Деректерді өңдеу орталығы);
«Нефтемаш» ЖШС;
«KEGOC» ЖШС (220 кВт қосалқы станциясы);
«Уралметаллинвест» ЖШС;
«Бипэк Авто» ЖШС;
«УПТК» ЖШС;
«УМИТ АИС» ЖШС.
В Атырау +20