Атырау, 15 қазан 14:45
 дождьВ Атырау +20
$ 450.62
€ 504.20
₽ 5.36

Қазақстанда ұсталған Navai: шекарадағы тексеріс қалай өтті

47 рет қаралды

Жамбыл облысының Қордай аудандық соты танымал орындаушы Navai-ді (Наваи Бакиров) қамауда ұстауға санкция берді. Алдын ала мәліметтер бойынша, тыйым салынған заттарды контрабандалық жолмен өткізуге оқталу ісі бойынша тергеу жүргізіліп жатқан кезеңде өнер иесі екі ай бойы тергеу изоляторында болады.

Құқық қорғау органдары мен сот өкілдері әзірге ресми түрде толық түсініктеме беруден бас тартып отыр. Олар ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына, яғни тергеу құпиясына сілтеме жасаған. Дегенмен құқық қорғау органдарындағы дереккөз күдіктіге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалғанын растады.

Ұстау қалай жүзеге асты?

Еске салайық, музыкант Қазақстанға Қырғызстаннан кірмек болған кезде өткізу бекетінде қазақстандық шекарашылар тарапынан ұсталған. Оның көлігін тексеру барысында ҚР ҰҚК Шекара қызметінің қызметкерлері 2,5 грамм марихуана тапқан.

Оқиға қарсаңында Navai Бішкекте концерт беріп, келесі шоуы өтуі тиіс Астанаға жол тартқан.

Қырғызстандағы реакция

Орындаушының Қазақстан тарапынан ұсталу оқиғасы көршілес мемлекетте де қоғамдық резонанс тудырды. Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті (ҰҚМК) Шекара қызметі рэпердің көлігі қырғыз-қазақ шекарасындағы «Ақ-Жол» өткізу бекетінен тексерусіз қалай өткенін анықтау үшін ішкі тергеуді бастады.

Қырғызстан ведомствосы шекарадағы лауазымды тұлғалардың әрекеттерінен заң бұзушылықтар анықталған жағдайда, кінәлілердің жауапқа тартылатынын мәлімдеді.

Орындаушының ресми өкілдері әзірге бұл жағдайға қатысты пікір білдірген жоқ. Оқиға бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Бүгін, 13:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.