Атырау, 19 тамыз 01:15
 дождьВ Атырау +24.4
$ 460.13
€ 532.60
₽ 5.42

Атырауда

Приораға соққан мотоцикл жүргізушісі қаза болды Басқа жаңалықтар

Приораға соққан мотоцикл жүргізушісі қаза болды

7 желтоқсанда түнгі 01:30 шамасында қала маңындағы Жұмыскер ауылында мотоцикл мен "Lada-21703" автокөлігі соқтығысып, салдарынан 46 жастағы мотоцикл жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды, ал оның 36 жастағы жолаушысы жарақатпен облыстық ауруханаға жеткізілген. 22 жастағы «Лада» жүргізушісі медициналық көмекті қажет етпеді. Сурет 8 желтоқсан 2019, 15:07 4 729 рет қаралды
Жаңа пәтерден су кетті Басқа жаңалықтар

Жаңа пәтерден су кетті

Береке ықшамауданындағы жаңа берілген көп пәтерлі үйде су құбыры жарылып, бірнеше пәтерге су кеткені бейнеленген бейнежазба әлеуметтік желілерде тарады. Дымқыл дақ, тіпті, үйдің қасбетінен анық көрініп тұр. Бейнежазба 8 желтоқсан 2019, 08:22 4 477 рет қаралды
Жолда қалған әзербайжандық дзюдошылар құтқарылды Басқа жаңалықтар

Жолда қалған әзербайжандық дзюдошылар құтқарылды

6 желтоқсанға қараған түні Исатай ауылының маңында «Атырау-Астрахан» трассасында жол полицейлерінің назарына жол жиегінде тұрған Mercedes Sprinter шағын автобусы ілікті. Оның ішінде Атырауда өтетін дзюдо күресінен халықаралық жасөспірімдер турниріне Әзірбайжаннан келе жатқан 16 жасөспірім мен 3 ересек адам бар екен. Автобус бұзылып, далада тұрып қалған. Бейнежазба 8 желтоқсан 2019, 08:00 4 318 рет қаралды
Білімі сәйкес келмейтін шетелдіктер де жұмыс істеген Басқа жаңалықтар

Білімі сәйкес келмейтін шетелдіктер де жұмыс істеген

Бас прокуратураның ұйғарымы бойынша жүргізілген тексеру барысында 16 кәсіпорында шетелдік және қазақстандық жұмысшылардың жалақысындағы айырмашылыққа қатысты 109 факт анықталды. Бұл туралы «АЖ»-ға Атырау облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Игілік ӘУБӘКІРОВ хабарлады. 7 желтоқсан 2019, 14:06 4 115 рет қаралды
Атырау облысында оқушылар мінген көлік апатқа ұшырады Басқа жаңалықтар

Атырау облысында оқушылар мінген көлік апатқа ұшырады

6 желтоқсанда сағат кешкі 19. 50 шамасында «Индер-Атырау» трассасының Бөдене ауылы тұсында ресейлік номерлі Opel Vectra мен Lada Х-Ray автокөліктері соқтығысып, Opel-дің 32 жастағы жүргізушісі оқиға орнында қаза болды.    Бейнежазба 7 желтоқсан 2019, 10:26 8 059 рет қаралды
Электр қуаты бір аптадай кезекпен өшіріледі Басқа жаңалықтар

Электр қуаты бір аптадай кезекпен өшіріледі

«Атырау Жарық» АҚ 2019 жылдың 5-11 желтоқсан аралығында электр энергиясын қоректендіретін орталықтарда ажырату шарасы орын алуы мүмкін екендігін Атырау облысы тұрғындарының қаперіне береді.  6 желтоқсан 2019, 16:43 4 546 рет қаралды
Тоқ соққан электр маманын Алматыға алып кетті Атырауда

Тоқ соққан электр маманын Алматыға алып кетті

Жақында «АтырауНефтеМаш» ЖШС өндірістік базасынан ірі көлемді жүкті тасымалдау кезінде тоқ соғып, күйік алған 20 жасар электр маманы өткен түнде авиарейспен Алматы қаласындағы клиникалық ауруханалардың біріне жеткізілді. 6 желтоқсан 2019, 16:20 5 166 рет қаралды
Жәрдемақыға құжат қабылдана береді Басқа жаңалықтар

Жәрдемақыға құжат қабылдана береді

Жақында әлеуметтік желілер мен БАҚ беттерінде 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап берілетін жаңа жәрдемақыны алу үшін көп балалы аналар құжаттарын осы жылдың 5 желтоқсанына дейін тапсырып үлгеруі тиіс деген ақпарат тарады. Соның нәтижесінде ХҚО мен әлеуметтік төлемдерді есептеу орталықтары (бұрынғы МЗТО) адамдарға лық толып, ығы-жығы күйге түсті. Барлығы да үлгеріп қалуға тырысты. 6 желтоқсан 2019, 16:09 5 420 рет қаралды
Куәліксіз жүргізуші полиция бөліміне барудан бас тартты Басқа жаңалықтар

Куәліксіз жүргізуші полиция бөліміне барудан бас тартты

Әлеуметтік желілерде Атыраудағы Молдағұлова көшесінде жол полицейлерінің бір адамды қарсылығына қарамастан арнайы көлікке күштеп отырғызып жатқаны көрсетілген бейнежазба тарады. Бастапқыда желі қолданушылар іздеуде жүрген қауіпті қылмыскерді ұстап жатыр деп түсінген, ал шын мәнінде ол әкімшілік құқық бұзған болып шықты. Бейнежазба 6 желтоқсан 2019, 12:18 4 145 рет қаралды
Ботахан кен орнындағы оқиға полиция назарын аудартты Басқа жаңалықтар

Ботахан кен орнындағы оқиға полиция назарын аудартты

«АЖ»-ға белгілі болғандай, 28 қарашада «ДоссорМұнайГаз» МГӨБ-нің Ботахан кен орнында қызметкер тұрғын ғимараттың 2-ші қабатынан құлап кеткен. «АЖ» тілшісі осы оқиғаға қатысты «ЕмбіМұнайГаз» АҚ баспасөз қызметіне хабарласқан еді. 6 желтоқсан 2019, 11:08 4 509 рет қаралды
Қырылған балық туралы іс: кінәліні тез "тапты" Басқа жаңалықтар

Қырылған балық туралы іс: кінәліні тез "тапты"

№2 қалалық сотында өткен жылдың желтоқсан айындағы Жайық өзенінде балықтың жаппай қырылуы бойынша сот процесі жалғасуда.  Осы отырыста сотталушылар адвокаттарының өтініштері қаралды. Атап айтсақ, қорғаушы А.Дүсіпов судьядан тергеудің басында алынған мәліметтерді жарамсыз деп тануды сұрады. Себебі, оның пікірінше, бұл деректерді алғанда қылмыстық іс жүргізу заңы бұзылған, яғни, айыптауда пайдаланыла алмайды. 6 желтоқсан 2019, 01:17 5 773 рет қаралды
Атағың шықпаса жер өрте Басқа жаңалықтар

Атағың шықпаса жер өрте

Әлеуметтік желілерде Атыраудағы Жилгородок ықшамауданында сотқарлыққа тән қылықтарын камераға түсірген екі жасөспірімнің бейнеролигі пайда болды. Балағат сөздер айтқан жас «әзілкештер» тұрған көліктердің үстінен секіріп аттап, әлдебір кеңсенің терезесінен қызметкерлерді келеке етіп, үстеріндегі киімдерін шешіп, төбесінен сүтті ақтара төгіп, түрлі әрекеттер жасайды. Бұлар №8 орта мектептің 16 жастағы оқушылары болып шықты. Бейнежазба 5 желтоқсан 2019, 22:39 4 556 рет қаралды
Алғашқы қар және жоғалған балықшылар Басқа жаңалықтар

Алғашқы қар және жоғалған балықшылар

4 желтоқсанда Атырауда алғашқы қар жауды. Қалалықтардың әлеуметтік желідегі парақшалары суреттер мен құттықтауларға толып кетті. Таксистер бірден бағаны көтере қойды, коммуналдық қызметтер көшелерді тазалауды бастады, ал, полицейлер қозғалысты реттеуге шықты. Сурет 5 желтоқсан 2019, 17:27 5 302 рет қаралды
АМӨЗ-дің «көрінбейтін» орманы, ТШО-ның қураған көшеттері және басқа да экожобалар Басқа жаңалықтар

АМӨЗ-дің «көрінбейтін» орманы, ТШО-ның қураған көшеттері және басқа да экожобалар

Жақында Атырауда НКОК, ТШО және АМӨЗ компанияларының өкілдері жұртшылықпен кездесу өткізді. Табиғат пайдаланушылар экологиялық ортаны қорғау бойынша атқарылған жұмыстары туралы есеп берді. Осындай форматта өткізілген шараға арнайы қатысу үшін Экология министрлігінің экологиялық реттеу және қадағалау комитетінің төрағасы Зұлфұхар ЖОЛДАСОВ келді. Сурет 5 желтоқсан 2019, 14:36 3 829 рет қаралды
Базардағы саудагерлер енді не істемек? Басқа жаңалықтар

Базардағы саудагерлер енді не істемек?

Мақат ауданына қарасты Доссор кентіндегі «Айгүл», «Анар» шағын базарларында сауда жасайтын елуге тарта жеке кәсіпкер әкімдік кеңсесіне жиналып, сатылатын әр тауарға сертификат талап етіп, болмаған жағдайда үлкен айыппұл салуға қатысты наразылық білдірді. Бішкек пен Алматыдан Қытайда өндірілген тауарларды көтеріп сатуға әкелетін жергілікті саудагерлерде бұл қағаз қайдан болмақ? Биліктің бір-ақ жауабы бар: заң орындалуы керек. «АЖ» тілшісі істің мән-жайын пайымдап көрді. Сурет Бейнежазба 5 желтоқсан 2019, 12:08 5 861 рет қаралды
Ойыншықтар еліндегі балабақша Басқа жаңалықтар

Ойыншықтар еліндегі балабақша

Болып жатқан оқиғаларды естеліктерім мен сезімдерім арқылы өз басымнан өткергендей боламын. Осы үшін де жұмысымды жақсы көремін. Бұл жолы да өткен күннің сағынышы бойымды кернеп кеткен еді. Сурет 4 желтоқсан 2019, 15:30 10 112 рет қаралды
Кәріз жүйесі жоқ мектепте әжетхана қалай болмақ? Басқа жаңалықтар

Кәріз жүйесі жоқ мектепте әжетхана қалай болмақ?

Жуырда Тараз қаласында мектеп жанындағы әжетханада болған жантүршігерлік оқиға – оқушы қыздың зорлануы - ешкімді бей-жай қалдырмады. Осыдан кейін ҚР Білім және ғылым министрі Асхат АЙМАҒАМБЕТОВ мектеп сыртында орналасқан әжетханаларды жою жөнінде шұғыл тапсырма берді, алайда мұны барлық жерде орындау мүмкін емес сияқты. «АЖ» тілшісі Индер ауданындағы бірнеше мектепті аралап қайтты.  Сурет Бейнежазба 4 желтоқсан 2019, 14:20 11 001 рет қаралды
Нұрлан Ноғаев: «Бізге сенбейді, міне, мәселе қайда?» Басқа жаңалықтар

Нұрлан Ноғаев: «Бізге сенбейді, міне, мәселе қайда?»

Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев өңір кәсіпкерлерімен дәстүрлі «галстуксыз» кездесу өткізді. Бұл жерде, әрине, тиісті ведомство басшысының кезекті баяндамасы емес, нақты жұмыс істейтін бизнесмендердің күнделікті мәселелері мен өзекті сұрақтары қызықты болды. Сурет 4 желтоқсан 2019, 10:57 4 321 рет қаралды
Қытайлар заңсыз келген отандастары үшін айына 200 мың теңге төлеп тұрғысы келген Оқиға

Қытайлар заңсыз келген отандастары үшін айына 200 мың теңге төлеп тұрғысы келген

ҰҚК Атырау облысы бойынша департаментінің офицерлеріне пара беруге тырысқан ҚХР азаматтары тергеу изоляторына қамалды. «АЖ»-ға 44 және 49 жастағы қытай азаматтарына Қылмыстық кодекстің «Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен пара беру» деп аталатын 376-бабының 3-тармағы бойынша айып тағылғаны белгілі болды. 4 желтоқсан 2019, 10:40 5 416 рет қаралды