ҚР Энергетика министрлігі мұнай-газ кәсіпорындарының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету және жұмыс орындарын сақтау үшін шаралар алынып жатыр деп сендірді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ЭМ вице-министрі Әсет МАҒАУОВ мәлімдеді.
Мағауовтың айтуынша, қазіргі уақытта министрлік орталық мемлекеттік органдар, әкімдіктер, қауымдастықтар және ҮЕҰ-мен бірлесіп, мұнай-газ кәсіпорындарының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету және жұмыс орындарын сақтау үшін шаралар атқаруда. Үкімет делегациясының мұнайлы өңірлерге жұмыс сапары барысында бірінші кезекте орындалуы қажет бірқатар міндеттер белгіленді, бұлар:
- қолжетімді несиелік ресурстар;
- босаған қаражаттың бір бөлігін мұнайсервис қызметіне бағыттауға айырбастау үшін жер қойнауын пайдаланушыларға салық преференциялары (ЖҚПСП);
- қолданыстағы және жаңа мердігерлік келісімшарттардың құнын оңтайландыруға/қайта қарауға жол бермеу;
- Қазақстандағы жобалар бойынша құрылыс жұмыстарының басталуын жеделдету;
- мұнай өндіруші компанияларды қолдау шаралары арқылы жұмыс бағдарламаларының орындалуын ынталандыру.
Бұдан басқа, бірқатар мемлекеттерде шетелдік қызметкерлердің елге кіруіне қойылған шектеулерге байланысты жоғары білікті мамандарды ауыстыру үшін жергілікті еңбек нарығында кадрларды іздестіру жалғасатын болады. Мысалы, Мағауовтың айтуынша, қазіргі уақытта «КРІ» ЖШС жобасында 397 Қытай азаматы жұмыс істеуде. Енгізілген шектеулерге байланысты Қазақстанға 161 Қытай азаматы кіргізілмеді.
ҚР энергетика министрлігі премьер-министрдің тапсырмасын орындау үшін ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен, Атырау облысының әкімдігімен, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және KPI-мен бірлесіп, азаматтарды жергілікті қызметкерлермен ауыстыру бойынша шараларды әзірлеуде.
Бүгінде жергілікті кадрларды тарту үшін арнайы комиссия құрылды.
Әңгімелесу мен тәжірибелік емтихандардың қорытындысы бойынша құрылыс алаңында жалпы құрылыс жұмыстарына 50 адам ұсынылып, 45 адам жұмысқа қабылданды.
«Бұл жұмыс тұрақты негізде жалғасатын болады», - деп атап өтті Мағауов.
Вице-министр COVID-19 коронавирус инфекциясының алдын-алу шараларына тоқталды.
«Әр жобада қолданыстағы ҚР заңнамасында және компаниялардың ішкі ережелерінде қарастырылған аурудың алдын алу шаралары жүзеге асырылады. Мұнай өндіруші компания қызметкерлерінде коронавируске шалдығу жағдайлары тіркелген жоқ», - деді Мағауов.
Барлық операторларға алдын алу және сақтандыру шараларының қажеттілігі туралы ескертілген және оларды толық көлемде орындайды. Мысалы, COVID-19 коронавирусының қаупіне әрекет ету шараларын жоспарлау және жүзеге асыру мақсатында ТШО дағдарысты жағдайларды басқару тобын және апатты жағдайларды басқарудың үш тобын құрды. Күн сайын дағдарысты жағдайларды басқару тобы жиналыс өткізеді, оның құрамына өндірістің үздіксіз жұмыс жасауын жоспарлау, медициналық және техникалық әрекет ету, сондай-ақ коммуникация тұрғысындағы профильді топтар кіреді.
Дайындаған Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА