Атырау, 23 қараша 02:08
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Әуежай мен вокзалдағы жағдай

Сурет Бейнежазба
5 877 просмотра


Атыраудағы теміржол вокзалы мен Халықаралық әуежайдағы бүгінгі ахуал қандай? «АЖ» тілшісі екі жерді де барып көрді.


Әуежай ғимаратында едәуір тыныш, адамдар тіркеу орнына өтіп жатыр, көбі медициналық маска тағып алған.



Ал вокзалдағы көрініс басқаша – кассалардың алдында ине шаншар жер жоқ, бұрын сатып алған билеттерін қайтару үшін адамдар бірнеше сағаттап күтіп тұр. Тек халықаралық бағыттарды ғана емес, қазақстандық, әсіресе Нұр-Сұлтан мен Алматыға қатынайтын пойыздардың билеттерін тапсыруда.


Дерекқордың нашар жұмыс жасап тұрғанына көпшілік наразы, шамасы, жүктеме көп болғандықтан шығар. Егер кассада ақша болмаса, адамдарға түбіртек беріледі, ол арқылы басқа уақытта ақшаларын қайтара алады.



Көпшілігі ғимаратта дезинфекциялық жұмыстардың жүргізілмей жатқанына шағымданды, еденнің бәрі шаң-тозаң. Сәл кейінірек вокзал қызметкерлері келіп, айналаны арнайы ерітіндімен сүрте бастады.


Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

Суреттер мен бейнежазбаны түсірген автор

18 наурыз 2020, 17:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.