Коронавирус инфекциясының пайда болу және таралуына жол бермеу мақсатында облыстық полиция департаменті барлық кәсіпкерлерді уақытша шектеу шараларын сақтауға шақырады. Әйтпесе жазаланады деп хабарлайды ПД баспасөз қызметі.
18 наурызда Атыраудағы дәмханалардың бірінің иесі сағат 22.00-ге дейін шектелген жұмыс режимін сақтамағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабы бойынша ("Төтенше жағдай режимін бұзу") әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мамандандырылған әкімшілік сот оған 10 АЕК көлемінде айыппұл салды. Осындай заң бұзушылық үшін Исатай ауданындағы кәсіпкерге де айыппұл салынды.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА