Атырау, 23 қараша 01:51
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Терезеден секіріп, карантиннен қашқан

Толықтырылды
4 462 просмотра


«АЖ»-ға белгілі болғандай, Атырауда 18 наурызға қараған түні  Литвадан (онда коронавируспен ауырған 34 адам тіркелген) келгеннен кейін облыстық туберкулезге қарсы диспансерде карантинде жатқан 22 жасар жігіт қашып шыққан. Ол екінші қабаттағы терезеден секіріп кеткен. 18 наурызда ол Атырау мамандандырылған әкімшілік сот алдында жауапталды.

-Сотта С. төтенше жағдай кезінде мемлекеттік орган белгілеген карантин режимін бұзғанын мойындады, - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі «АЖ»-ға.

Сот қаулысымен қашқынды ҚР ӘҚБтК-нің 476 бабы 6 бөлігімен (Төтенше жағдайдағы карантин режимін бұзу) кінәлі деп тауып, бұл жолы оған әкімшілік ескерту жазасын тағайындады. Сот отырысынан кейін оны тубдиспансердегі өз орнына орналастырды.

Атырау облысында неше адам карантинде жатыр деген «АЖ» тілшісінің денсаулық сақтау басқармасына жолдаған сауалына жауап қайтарылған жоқ.

-Қазір Атырау облысында карантинде 15 адам бар. Оның 12 – облыстық туберкулезге қарсы диспансерде, 2 – Жылыой ауданында, 1- Индерде. Барлығы да 1А санатына енгізілген елдерден келген, - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Аслан ЖЕҢІСҰЛЫ. – Олар карантинде 14 күн болады, дене қызуы күніне екі рет тексеріліп тұрады.

Фархат ӘБІЛОВ

19 наурыз 2020, 16:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.