Атырау, 23 қараша 02:02
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Азық-түлік дүкендері мен супермаркет қалай жұмыс істеуі керек

4 188 просмотра


ҚР Денсаулық сақтау министрлігі азық-түлік дүкендері, гипермаркет, супермаркет, сауда орталықтарының жұмысы бойынша төмендегі ұсыныстарды жариялады.

Жұмыс тәртібі сағат 10-нан кешкі 18-ге дейін;

- Сатып алушыларға қолжетімді жерде тұрған нан-тоқаш, кондитерлік және өзге де өнімдер тек оралған қаптамада болу;

- көкөніс пен жемістен басқа азық-түлікті өлшеп салып, қаптамада сату;

- күшейтілген дезинфекциялау режимін енгізіп,  әр 3 сағат сайын арнайы дезинфекциялық құралдармен үстел, орындық, эскалатор, тұтқа, баспалдақ, есік, лифті мен еденді өңдеу;

- келушілердің жағдайын тұрақты бақылап отыру үшін барлық кіреберістерде тепловизор орнату;

- келушілерден  бетперде тағуды талап ету (маска болмаған жағдайда оны тегін беруді қамтамасыз ету) және коронавирустың алдын алу бойынша жадынамалар тарату;

- қолдарды өңдеуге арналған санитайзер орнату, санитайзерде микробтан ұзақ уақыт қорғайтын көпфункционалды антисептикалық затты қолдану немесе бір рет қолданылатын қолғаптарды беруді қамтамасыз ету;

-объектілерді үнемі желдетіп, ауасын жаңартып  тұру, ауа алмастыру қондырғыларын дезинфекциялау, сыртқы ауаны пайдаланып, ішкі ауа тазалығын күшейту;

- кемінде бір метр ара қашықтықты сақтай отырып, кезекке 5 адамнан артық тұруға жол бермеу;

- сауда орындарында жоғарыда көрсетілген талаптардың сақталуын қамтамасыз ететін жауапты қызметкерлерді бекіту қажет; 

- сауда орнына қарасты аумақ тәулігіне кемінде 1 рет дезинфекциялау құралдарымен өңделуі тиіс.

20 наурыз 2020, 11:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.