Атырау, 23 қараша 01:41
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Атырау студенттері енді қашықтан оқиды

3 838 просмотра


Коронавирус пандемиясына байланысты Атыраудағы жоғарғы оқу орындары мен колледж студенттері қашықтан білім алуға көшті. Енді оқытушылар студенттерге қашықтан тапсырма беріп, бейнеконференция арқылы дәріс оқиды.

Мәселен, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде күндізгі бөлімде оқитын барлық 5000-нан астам студент қашықтан білім алуға көшкен.

-Студенттерге арнайы бағдарлама арқылы тапсырмалар беріледі. Оқытушылар да дәрісті онлайн режимінде оқиды, - дейді университеттің академиялық сұрақтар жөніндегі департамент директоры Жанаргүл СҮЛЕЙМЕНОВА. Тапсырма алғаннан кейін олар орындап, кейін мұғалімге кері жіберуі тиіс. Барлық тапсырмалар арнайы «Platonus» бағдарламасына енгізілген, сәйкесінше студенттер де өз бағаларын алады.

-Сонда оқытушылар мен студенттердің бір де біреуі университетке келмейді ме?

-Студенттер келмейді, ал оқытушыларды екіге бөлдік. Біріншісі – үйден жұмыс жасайтындар; екіншісі – университетке келіп жұмыс істейтін мұғалімдер, бірақ оларға белгіленген жұмыс уақыты жоқ, яғни жұмыстарын аяқтағаннан кейін, үйлеріне кетуге рұқсат етілген.

- Студенттерге «сабақта болған жоқ» деген белгі қалай қойылады?

- Егер студент апта ішінде ешқандай байланыс құралы арқылы тапсырманы орындамаған болса, оған «сабақта болған жоқ» деген белгі қойылады.

- Сіздерде Қытайдан келген қандастарымыз білім алады. Олардың жағдайы қалай?

- Қазіргі таңда бұл студенттер университет жатақханасында оқиды. Айта кету керек, жатақханаға карантин қойылған жоқ, бірақ сырттан ешкімді кіргізбейміз. Өкінішке орай, Өзбекстан, Қытай және өзге облыстан келген студенттеріміз үйлеріне кетіп, сол жерден қашықтан оқуды жалғастырғысы келгенімен, қазіргі төтенше жағдайда бұл қиын болып тұр.  

С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінде де осындай жағдай. Университеттен хабарлағандай, олар да қашықтан оқуға көшкен. Сонымен қатар жатақханада жатқан студенттер үйіне оралып, сол жерден байланысып отырып оқуға мүмкіндігі бар. 

APEC PetroTechnic жоғарғы колледжінің баспасөз қызметінің хабарламасы бойынша, студенттері 16 наурыздан белгісіз мерзімге дейін қашықтан оқуды бастап кеткен. 

-Барлық сабақ кестеге сәйкес онлайн байланыс және арнайы бағдарламамен видеокездесулер ұйымдастыру арқылы өтеді, - дейді колледж өкілі Раушан НАЙЗАБАЕВА. – Оқу процесіне қатысты ақпарат пен толық нұсқаулық оқытушы, куратор және студенттердің электронды поштасына таратылды.

-Білуімше, колледжде Мальтадан келген оқытушылар дәріс береді.

-Иә, мальталық екі азамат бізде жұмыс жасады, қазір өз елінде отырып онлайн режимде жұмысын жалғастыруда.

Фархат АБИЛОВ

19 наурыз 2020, 17:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.