Атырау, 23 қараша 02:33
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Жайыққа су келеді

5 876 просмотра


14 наурыздан бастап Жайық өзенінің жоғарғы ағысындағы Ириклинск су қоймасынан судың ағуы секундына 15-тен 30 текше метрге дейін өсті. 19-29 сәуір аралығында бұл көрсеткіш секундына 500 текше метрге дейін артады деп күтілуде. Жайыққа көп уақыттан бері мұндай су мөлшері түскен жоқ. Бұл жөнінде 6 наурызда трансшекаралық өзендер бойынша қазақстандық-ресейлік үкіметаралық комиссиясы жұмыс тобының мүшелері келіскен болатын.

Ал бассейндік су шаруашылығы инспекциясының басшысы Ғалидолла АЗИДУЛЛИНДІҢ айтуынша, екі елдің су қызметкерлері арасындағы келісім Росгидромет болжамына негізделген. Есептеулер бойынша, тасқын сулар Қазақстанға жеткенше, кеуіп қалған алқаптар мен арналарға таралады, сондықтан су тасқыны қаупі болмайды. Су тасқыны ұзақ мерзімді орташа нормаларға сәйкес келеді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

18 наурыз 2020, 11:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.