Атырау, 23 қараша 02:05
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Аудандардағы ахуал қалай

3 468 просмотра


Елімізде төтенше жағдай енгізілгеннен кейін «АЖ» тілшісі облыстағы жеті ауданмен байланысқа шыққан еді.

Жылыой ауданы. ТЖ байланысты аудан әкімінің өкімімен төрт мобильдік топ құрылды. Көпшілік халық жиналатын мекеме орындарына, аялдамаларға дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде. Көтерме сауда орындарында халық көп. Аудан әкімінің орынбасары Жантөре РАШОВТЫҢ айтуынша, 19 түрлі әлеуметтік-маңызды тауардың бағасы өспеген. Дегенмен Құлсары қаласындағы дәріханаларда демперде жоқ. Тапсырыс беріп күтіп отыр. Оған дейін қаладағы 12 тігін цехы демпердені марлядан тігуге кірісіп кетті.  

Махамбет ауданы бойынша 17 мейрамхана мен 16 кафе бар.

-Барлығына келетін адамдар саны мен жұмыс жасау уақыты шектеулі екені, алдын-ала төлемдерді қайтару қажеттігі ескертілді, - дейді аудан әкімінің орынбасары Мардан СЕЙІТҚАЛИЕВ. Ауданда 5 дәріхана бар, ешқайсысында демперде жоқ.

Индер ауданының орталық ауруханасында оқшаулауға арналған 10 төсек орын жабдықталған. Әкімшілік берген ақпартқа сенсек, дәріханада демперде 150 теңгеден сатылуда.

-Құрманғазы ауданында базардан азық-түлікті көптеп алу, бағаның өсуі орын алып отыр, - дейді аудандық Мәслихат депутаты Мансур ҚУАНЫШКЕРЕЕВ. Облыс пен аудан орталығынан қашық жатқан Азғыр өңіріндегі жағдай өте қиын. Мұнда шекараның жабылуына байланысты бұрын жедел науқастарды 60 шақырымдағы Ресейдегі Харабайлы қаласына апаратын. Енді 300 шақырым жердегі Құрманғазыға жеткізу қажет. Сүйіндік және Азғыр ауылдық округтері әкімдерінің айтуынша, дүкен иелері бұрын тауарды Харабайлыдан алып жүрсе, енді аудан және облыс орталығынан тасығанда бағада өсім болатынын алдын-ала ескертуде.

Исатай, Мақат, Қызылқоға аудандарында да коронавирустың алдын алу мақсатында жұмыс жүріп жатыр.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА          

18 наурыз 2020, 11:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.