Атырау, 23 қараша 01:20
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

​Дәмхана мен мейрамханалар қалай жұмыс істейді

4 493 просмотра


ҚР денсаулық сақтау министрлігінің сайтында мейрамхана, дәмхана, асханалар жұмысы бойынша ұсыныстар жарияланды.

Мекемелерде қолды өңдеуге арналған санитайзерлер орнатылуы немесе бір рет қолданылатын қолғаптар берілуі тиіс.

Жиһаз, үстел, тұтқа, орындық, саты, есіктің бәрін  сағат сайын сүртіп, еденді әр үш сағат сайын тазалау қажет.

Жұмыс ауысымы аяқталғаннан кейін (немесе кемінде 6 сағаттан кейін) желдетіп, іштің ауасын тазартып тұру керек. Есік тұтқаларын, үстелдерді, орындықтардың арқасын (кресло шынтақтарын), түстенетін залға (асханаға) кірген кезде қол жууға арналған раковиналарды дезинфекциялық салфеткалармен (немесе дезинфекциялық құралдардың ерітінділерімен) сүртіп, ылғалды тазалық жүргізілуі тиіс.

Тамақтанатын орынға қарасты аумақ тәулігіне кемінде 1 рет дезинфекциялау құралдарымен өңделуі тиіс.

Халыққа қызмет көрсеткен кезде қызметкерлердің (сатушы, аспаз, даяшы, кассир және тамақ өнімдерімен тікелей байланысы бар басқа да қызметкерлер) қолдарында бір жолғы пайдаланатын қолғап болу керек, оны  ауысымына кемінде екі рет  ауыстырады. Сондай-ақ, келушілер алдында бір рет қолданылатын маскаларды кемінде 3 сағат сайын ауыстырып пайдаланған жөн.

Үстелдер бір бірінен кемінде 2 метр қашық орналасуы керек. Сонымен қатар асханада тамақтанушылардың өздігінен тамақ тасуға тыйым салынады.

20 наурыз 2020, 10:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.