Атырау, 23 қараша 01:24
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Теңізде вахта тоқтады

12 939 просмотра



Коронавирус пандемиясына байланысты Теңіз кен орнында карантин кезіндегідей қатаң шектеулер енгізілуде.

-Қазіргі оқиғалар желісін, сонымен қатар елде төтенше жағдай режимі жарияланып, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында карантин енгізілгенін ескере отырып, «Теңізшевройл» Теңіз кен орнына қатынауға қосымша шектеу енгізуге мәжбүр, - дейді ТШО дағдарысты ахуалды басқару тобының жетекшісі Дженнифер ХАГГАР. – Бұл шектеулер алдағы сенбі, 21 наурызда қолданыла бастайды, ал келесі аптаның басында толық күшіне енеді.

Қазақстанның басқа өңірлерінен (Атырау облысынан басқа) келіп, вахталық әдіспен жұмыс жасайтындар үшін Теңіз кенішіне кіру белгісіз мерзімге уақытша тоқтатылады.

Егер қызметкер вахтаны аяқтағаннан кейін кен орнынан кетуіне маңызды себеп болса, оны өзінің супервайзерімен талқылауы тиіс.

- Атырау облысында тұратын қызметкерлер соңғы 14 күн ішінде облыс аумағынан шықпаған болса және ТШО көлігіне отырғызар алдында міндетті термометриядан өткен жағдайда ғана вахтаға жіберіледі, - дейді Хаггар. -Өндірістік қажеттілік бойынша және Атырау облысынан тыс жерден тартылған қызметкерлер ТШО объектілеріне келгенге дейін немесе Теңізге қарай бағыт алған ТШО көлігіне отырғанға дейін 14 күн өзін өзі алшақ ұстайды.

Сонымен қатар, қызметкерлердің жеке автокөлікпен Теңіз кеніші аумағына кіруіне тыйым салынады және қызметкерлерге вахта мезгілінде кеніштен тыс жерлерге шықпауға кеңес беріледі. 

Дайындаған Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

20 наурыз 2020, 16:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.