Атырау, 23 қараша 01:11
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Коронавирус туралы тағы бір жалған ақпарат Құлсарыдан тарады

5 656 просмотра


Әлеуметтік желіде Дубайдан келген Құлсары қаласының тұрғынынан коронавирус инфекциясы анықталып, аудандық ауруханада емделіп жатқандығы жөнінде ақпарат тарады. 

-Естіп отырмын. Дүрлігудің қажеті жоқ,  бұл жалған ақпарат. Осындай ақпарат таратқан үшін қазір қылмыстық жауапкершілік қарастырылған, - дейді Жылыой ауданы әкімінің орынбасары Жантөре РАШОВ. 

Бұл туралы аудандық аурухананың бас дәрігері Нұрбек ҮКІБАЕВ толығырақ айтып берді: 

-Құлсарының бір тұрғыны Меккеден оралды. Ол Стамбул арқылы Алматыға ұшқан. Сол ұшақтағы бір адамнан коронавирус анықталып, жылыойлық жігіт бүгінде оқшаулау палатасына орналастырылды. Анализ тапсырды, вирус жоқ. Белгіленген 14 күн карантиннен кейін үйіне жіберіледі.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан бұрын Германиядан келген студент коронавирус жұқтырды деген жалған ақпарат тараған еді. Ондағы жағдай да дәл осындай: жігітті карантинге оқшаулау палатасына орналастырған, вирус анықталмаған, белгіленген күннен кейін үйіне жіберіледі. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

19 наурыз 2020, 12:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.