Атырау, 15 қазан 14:48
 дождьВ Атырау +20
$ 450.62
€ 504.20
₽ 5.36

Германиядан келген студентте коронавирус жоқ

3 926 рет қаралды


Әлеуметтік желіде Индер ауданындағы жұқпалы ауруларды емдейтін бөлімшеде жатқан Германиядан келген студентте коронавирус дертінің белгілері бар деген жазба тарады. Сондай-ақ ол бірер күн бұрын тойда болғандығы жөнінде айтылады.

Біз бұл жазбаның анық-қанығын білу үшін Индер аудандық ауруханасының бас дәрігері Бауыржан ТӨЛЕГЕНГЕ жолықтық.

- Германиядан келген студент біздің ауруханада оқшаулау палатасында жатыр, бірақ одан коронавирус анықталған жоқ, - дейді Б.Төлеген. – Оқшаулау уақыты аяқталғаннан кейін ол үйіне жіберіледі. Сондықтан әлеуметтік желіде тараған ақпарат жалған. Ал оны таратқан адамды анықтау үшін құқық қорғау органына шағым түсіреміз.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

18 наурыз 2020, 11:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.