Атырау облыстық сотының бұрынғы төрағасы Марғұлан БЕКТҰРҒАНОВ ҚР Жоғарғы Сотының судьясы болып тағайындалды. Сенаторлар оның кандидатурасын палатаның пленарлық отырысында мақұлдады.
51 жастағы Алматы облысының тумасы Марғұлан Бектұрғанов 2015 жылдың 18 ақпанында облыстық сотқа төраға болып тағайындалды.
Осы уақыт ішінде, атап айтқанда, ІІБ лейтенанты Манарбек ӨТЕУОВКЕ, облыс прокурорының көмекшісі Лейла СМАДЬЯРОВАҒА, «Арнаулы автобаза» директоры Самат ТҰРНИЯЗОВҚА, «AтырауСуАрнасы» директоры Андрей ТАШЛЫКОВҚА, Атырау облысы әкімінің орынбасары Нұрсәуле САЙЛАУОВАҒА, Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мәншүк АЙМҰРЗИЕВАҒА, Жайықтағы балықтың жаппай қырылуына қатысты атышулы істер бойынша айыптау үкімдері шығарылды.
«АЖ» дерегі бойынша, Бектұрғановтың орнына қазіргі ҚР Жоғарғы сотының судьясы келеді.
Фархат ӘБІЛОВ