Атырау, 23 қараша 07:04
 ашықВ Атырау +5
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

"Шефке бостандық!": Ташлыков бір жыл екі айға бас бостандығын шектеу жазасын алды

3 055 просмотра


Бүгін, 25 шілдеде, №2 қалалық сотында «Атырау Су Арнасы» КМК бұрынғы директоры Андрей ТАШЛЫКОВҚА және осы кәсіпорынның бөлім бастығы Гүлмира ОЖЫРАЕВАҒА үкім шығарды. Ташлыков 1 жыл екі айға бас бостандығын шектеу, Ожыраева – 2 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Еске салсақ, сот процесі ағымдағы жылдың 29 қаңтарында басталған еді. Ташлыков ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы («Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу»),  361-бабы («Лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану») және 369-бабы («Қызметтiк жалғандық жасау»), Ожыраева – 189-бап бойынша айыпталды. Бұрынғы «АСА» директоры тергеу ісі мен сот болған 9 айды тергеу изоляторында өткізді. Ожыраева басқа жаққа кетпеу туралы қолхатпен жүрді.

Судья Мейрамбек НАҒАШЫБАЕВ үкімді жариялап болған соң, «сот залында қамаудан босатылсын» деген кезде зал іші қол шапалақтап, біреу «Шефке бостандық!» деп айқайлап қалды.

Фархад ӘБІЛОВ

Суреттерді түсірген автор

25 шілде 2018, 20:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.