Атырау, 5 желтоқсан 10:59
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы 5 миллион айыппұл төлейді

3 905 рет қаралды


Бүгін, 28 ақпанда, №2 Атырау қалалық сотында облыстық денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы Мәншүк АЙМУРЗИЕВАҒА қатысты жеңілдетілген тәртіпте қаралған қылмыстық іс аяқталды. Ол ҚР ҚК-нің 371-бабының 2-бөлігімен (Абайсызда ауыр зардаптарға әкеп соққан салғырттық) кінәлі деп танылып, оған жаза ретінде 2000 АЕК (5 млн 50 мың теңге) көлемінде айыппұл салынды. Ол сондай-ақ 3 жылға медицина саласында басшылық қызмет атқару құқығынан айырылды.

Сотта Аймұрзиева өз қызметінде аянбай еңбек еткенін айтып, айыппұл көлемін азайтуды, сондай-ақ зейнеткерлік жасқа шығуына бір жыл қалғандықтан, оны медицина саласындағы басшы лауазымдарын атқару құқығынан айырмауды сұрады.

Естеріңізге сала кетейік, бірінші отырыста ол кінәсін мойындап, процессуалдық келісім жасауға ниет білдірген-ді. 

Фархат ӘБІЛОВ

28 ақпан 2020, 15:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.